«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Қырғызстан мен Қазақстан премьер-министрлері Алматы-Шолпан Ата автожолын салу туралы уағдаласты

Қырғызстан мен Қазақстан премьер-министрлері Алматы-Шолпан Ата автожолын салу туралы уағдаласты
ашық дереккөз
Қырғызстан мен Қазақстан премьер-министрлері Алматы-Шолпан Ата автожолын салу туралы уағдаласты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасы үкіметінің басшысы Темір Сариев Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовпен кездесу барысында Алматы-Шолпан Ата автожолы құрылысы мәселесін көтерді, деп хабарланған Қырғызстан Үкіметі сайтында.«Қазіргі уақытта Алматы-Тамчы қатынасы бойынша тікелей әуе рейсі жолға қойылды, бірақ ол аз. Алматы-Шолпан Ата жоғары жылдамдықты жолын салуымыз қажет. Жол Кемин, Михайловка арқылы өтеді. Біздің органдарға осы мәселені пысықтау тапсырмасын беруге болатын еді. Біздің тарапымыздан Кеминге дейін (Бішкек-Нарын-Торугарт) жол салынған. Жол салу жалғастырылса, ара қашықтық небәрі 250 шақырым ғана болады. Сонда қазақстандықтар Ыстықкөлге 2,5 сағатта жете алады», - деп атап өтті Т.Сариев. Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов тиісті мемлекеттік органдарға тас жол салу мәселесін жеделдетуді тапсырды. «Менің ойымша, бұл тамаша жол болады. Адамдар Қырғызстанның көрікті табиғатын тамашалауы үшін сүрлеу жол арқылы жаяу жүру жағдайын тудыру мақсатында тиісті үкіметаралық келісімге қол қоюға уағдаластық», - деп қосты К.Мәсімов. Сондай-ақ Үкімет басшысы Темір Сариев қазақстандықтарды Ыстықкөлге жиі келуге шақырды. Премьер-министр К.Мәсімов студенттік шағынан бері Ыстықкөлге енді ғана жолы түсіп отырғанын жеткізді. «Мен Ыстықкөлге көлікпен емес, жаяу келгенмін. Хан Тәңірі арқылы шекарадан жаяу өттім. Қырғызстан ЕАЭО-қа кіреді, бұл біздің шекарамыз да ашылады деген сөз. Барлық қазақстандықтар да мен сияқты Ыстықкөлге келеді деп ойлаймын», - деп атап өтті ҚР Үкіметінің басшысы. Кездесу қорытындысы бойынша Премьер-Министр Темір Сариев Қазақстан Үкіметінің басшысымен қазақстандық көмірді үздіксіз жеткізу туралы уағдаласты. «Қазір Тоқтоғұл су қоймасында су жиналуда. Бұдан басқа, екі ел арасында электр энергиясын жеткізуге қатысты өзара тиімді келісім бар, оны орындап жатырмыз. Біз сіздің вагонға қатысты тапсырма бергеніңізді қалар едік. Энергетиктер 900 мың тонна көмір жеткізуге шарт жасасты. Тасымалдау басталды, алайда кейін вагондарға қатысты мәселе туындауы мүмкін. Кестенің үзілмегенін қалар едік. Біздің энергетиктер алдын ала өтінім береді», - деп қосты Т.Сариев.
 ақпарат көзі kazinform.kz

Ұқсас жаңалықтар