Qazaq Air рейстері тамыздың басында іске қосылады
Qazaq Air әуе компаниясы рейстерін тамыздың басында іске қосуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әуе компаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, Qazaq Air қазір рұқсат беру туралы құжаттарды алу үстінде. "Алғашқы рейстерді тамыздың басында іске қосу жоспарланып отыр", - деп жазылған хабарламада.
Qazaq Air таныстырылымы 6 шілдеде өтті. Таныстырылымда ұсынылған Bombardier Dash 8 Q400 ұшағы - әуе компаниясында бар үш борттың бірі. Мұны компания осы аттас концерннен тапсырыспен алдырған. "Біздің бірінші рейсіміз 20 шілдеде болады деп үміттенеміз. Бірінші рейс Алматыдан Павлодарға ұшады", - деді Qazaq Air әуе компаниясының жоба директоры Блэр Поллок.
Qazaq Air әуе компаниясының бағыттар желісі 12 маршруттан тұрады, олардың басым бөлігі Қазақстан өңірлері арасында қонбай ұшырылатындар.
ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




