Шығыс Қазақстан облысына қарасты Ұлан ауылының тұрғыны 16 шілдеде Тайынты өзенінің жағасынан минаға ұқсайтын зат тауып алды, - деп хабарлайды YK-news.kz. Басылымның мәліметінше, ер адам тауып алған зат танк жоюға арналған жарылғыш зат болып шыққан.
ШҚО ТЖД мәліметінше, Асубұлақ тұрғыны минаны ауыл маңынан тапқан. Ол жарылғыш затты жақын маңдағы полиция бөлімшесіне тапсырды. "Полицейлер саперлерді шақырды. Мина оқу-жаттығуға арналған, танкіге қарсы қолданылатын ТМ-62 модельді жарылғыш зат болып шықты", - деді ведомство баспасөз қызметі өкілдері. Олардың айтуынша, жарылғыш затты саперлер жою үшін алып кеткен.
Айта кетейік, оқу-жаттығу үшін пайдаланылатын жарылғыш заттың ашық алаңға қалай тап болғаны белгісіз.
Ұқсас жаңалықтар
Қауіпсіздік пен адам құқықтарының арақатынасы қандай?
- 13 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




