Серік Ахметов үй қамақта қала береді
Қарағанды облысы қылмыстық істер бойынша арнайыландырылған ауданаралық соты экс-премьер Серік Ахметовты үй қамағында қалдыру туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды деп хабарлайды Tengrinews.kz Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен қатар, аталған іске қатысы бар деген күдікпен уақытша қамау абақтысына жабылған тағы 20 адамға қатысты сот шешімі де өзгеріссіз қалдырылды. Бұған дейін хабарланғандай, 27 шілде күні таңертеңгі сағат 10.00-де осы іске қатысты алғашқы сот отырысы өтеді. Серік Ахметов пен өзге де экс-шенеуніктердің ісін Қарағанды облысы қылмыстық істер бойынша арнайыландырылған ауданаралық сотының судьясы Исламхан Есенбаев қарайтын болады.
Естеріңізге салайық, еліміздің бұрынғы премьер-министрі аса ірі көлемде мемлекет қаржысын жысқырды, пара алды, қызметтік бабын асыра пайдаланды және заңсыз түрде кәсіпкерлікпен айналысты деп айыпталуда. Тергеушілердің айтуынша, 2 400 000 доллар пара алған.
Ұқсас жаңалықтар
Дропперліктен аулақ бол!
- 6 желтоқсан, 2025
Тараптар арасындағы дау медиациямен шешіледі
- 6 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




