Құқық
Астанада бұзылған тағамнан ұшынғандар кәсіпкерді сотқа бермекші
- author «Ақ жол»
- 17 шілде, 2015
- 841
Астанада бұзылған тағамнан ұшынғандар кәсіпкерді сотқа бермекші
Елордада жаппай астан ұшынғандар бұзылған тағам сатқан дүкен иесін сотқа бермекші. Бұл туралы nur.kz хабарлады. Тәтті торттан дәм татып, артынша ауруханадан бір-ақ шыққан тұрғындар кәсіпкерден 13 миллион теңге талап етіп отыр. Белгілі болғандай, тәтті сатқан дүкен иесі торттарды өзінің жасырын кондитерлік цехы арқылы пісірген. Осылайша кәсібін дөңгелетпек болған ол алғашқы өнімін еш рұқсатсыз дүкенінің сөресіне қойып, басы дауға қалды. Бұзылған торттан дәм татқан 20 адам бірден ауруханадан бір-ақ шықты. Науқастардың ең кішісі 4 жаста. Жүректері айнып өздерін нашар сезінген науқастардан ішек инфекциясы табылып, оларға сальманеллез диагнозы қойылды. Науқастардың беті бүгінде бері қараған. Ал, супермаркет жанындағы шағын цех жабылып, тиісті тексерулер жүргізілуде. Айта кетейік, кәсіпкер лицензиясынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, ол ірі көлемде айыппұл төлеуі ықтимал. «Бұл кәсіпкерлер адамдардың денсаулығы арқылы өздерінің тәттілеріне эксперимент жасап отыр. Мен осылай түсініп отырмын. Олар берген түсініктемесінде «біз крем торт жасап сатып көрсек дегенбіз» – деп, отыр. Ешқандай келісім рұқсат жоқ», – деді Астана қалалық Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің басшысы Нұрлыбек Асылбеков.Талғат Райымбек.
Ұқсас жаңалықтар
Үйді тонаған ұры емес, өзі болғаны ма?...
- 12 наурыз, 2026
Жайылымдағы жылқыны атып алып кеткен күдіктілер ұсталды
- 3 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




