Бюджеті 19 млн доллар болған Қытайдың атақты телехикаясын «Қазақстаннан» көруге болады (ФОТО)
- author «Ақ жол»
- 17 шілде, 2015
- 642
Жаңа телемаусымда Қытай тарихындағы танымал теленовеллалардың бірі «Қызыл сарайдағы түс» атты хикаясы қазақстандық экраннан көрсетелетін болады, деп хабарлады «Қазақстан» РТРК баспасөз қызметінен. «Қазақстан» телеарнасы өте күрделі, әрі әдемі және сазды тілде, ежелгі қытай - мандарин диалектісінде түсірілген 50 сериялық телехикаяның күрделі синхрондық дубляжын іске асырды. Хикая 2010 жылы Азияда телехикаялардың көрсетілімі бойынша үздік атанды. Хикаяның бюджеті 19 млн. $.», делінген хабарламада.
Хикаяда 40-қа жуық бас кейіпкер және 500-ге жуық қосымша кейіпкер бар. Дәл осы хикаяда Қытай халқының әйгілі шай ішу салты көрсетіледі. Сериал 18 ғасырда жазылған шығарма желісімен түсірілген.
Әдемі декорациялар, қымбат және әсем киім үлгілері, сол кездегі қалпына келтірілген тұрмыстық жағдай Цин династиясының дәуіріне бойлай енуге мүмкіндік береді.
Телехикаяны 3 тамыздан бастап, сағат 19.35-те дүйсенбі-жұма күндері аралығында «Қазақстан» телеарнасынан көруге болады.
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




