Полициямен енді WhatsApp арқылы байланыса аласыз

 Полициямен енді WhatsApp арқылы байланыса аласыз
ашық дереккөз
Полициямен енді WhatsApp арқылы байланыса аласыз

photo_75716Енді кез келген азамат әуе немесе теміржол тасымалы саласында заң бұзушылықты байқаса, өзінің құқығы тапталса, көліктегі ішкі істер департаментіне әлеуметтік желі арқылы лезде шағым түсіре алады. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап, сенім телефонымен қатар Instagram желісінде ДВД на транспорте және WhatsApp қосымшасы арқылы 8 776 200 85 87 телефон нөміріне арыз-шағым немесе ұсыныс-тілектерін қалдыра алады. Онымен қатар бұл байланыстарға теміржол вокзалы мен әуежайларда орын алған оқиғаларды бейнетаспаға түсіріп, жолдауға болады. Аталған байланыстар тәулігіне 24 сағат бойы жұмыс істейді. Ләззат Аленова, ҚР ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз хатшысы -Бұл байланысты ашудағы басты мақсатымыз халықтың ішкі істер қызметкерлеріне деген сенімін арттыру және халықпен тығыз байланыс орнату үшін ашып отырмыз. Кез келген азамат осы айтылған нөмір мен адрес бойынша теміржол және әуе көлігі нысандарында орын алған құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар бойынша өздерінің арыз-шағымдарын жеткізе алады.

Ұқсас жаңалықтар