Елордамыз – Астананың туған күні мерекесіне орай, облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, облыстық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы «Астана – менің мақтанышым» атты заманауи флеш-моб ұйымдастырды. Аталмыш шара «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының 50 жасұландық жастарының қатысуымен Тараз қаласындағы Қазақстан Республикасының Президенті атындағы саябақта өткізілді. Іс-шараны өткізудегі мақсат – жамбылдық жасұландықтардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, отансүйгіштік сезім мен көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру. Бүгінгі өскелең жас буын өкілдерін арманы мен рухы асқақ – Қазақ елінің азат ұрпағы екендігін мақтан тұтатын жеке тұлға ретінде тәрбиелеу болып табылады. Астана күніне орай өткен шара арқылы жамбылдық жасұландықтар бас қаламыз – Астанаға құттықтау жолдады. Саябаққа демалып, тыныстауға жан-жақтан жиналған түрлі жас шамасындағы қала тұрғындары жастардың сергек билерінен елдігіміздің ерекше мерекесін бірге тойлап жатқандай әсерде болды.
Гүлмира НҰРЖАНОВА, облыстық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы.
Елордамыз – Астананың туған күні мерекесіне орай, облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, облыстық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы «Астана – менің мақтанышым» атты заманауи флеш-моб ұйымдастырды. Аталмыш шара «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының 50 жасұландық жастарының қатысуымен Тараз қаласындағы Қазақстан Республикасының Президенті атындағы саябақта өткізілді. Іс-шараны өткізудегі мақсат – жамбылдық жасұландықтардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, отансүйгіштік сезім мен көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру. Бүгінгі өскелең жас буын өкілдерін арманы мен рухы асқақ – Қазақ елінің азат ұрпағы екендігін мақтан тұтатын жеке тұлға ретінде тәрбиелеу болып табылады. Астана күніне орай өткен шара арқылы жамбылдық жасұландықтар бас қаламыз – Астанаға құттықтау жолдады. Саябаққа демалып, тыныстауға жан-жақтан жиналған түрлі жас шамасындағы қала тұрғындары жастардың сергек билерінен елдігіміздің ерекше мерекесін бірге тойлап жатқандай әсерде болды. Гүлмира НҰРЖАНОВА, облыстық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының төрайымы.Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




