«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бақылау-тексеру комиссиясының отырысы өтті. Комиссия отырысында қаралған негізгі мәселелер – партияның Тараз қалалық және аудандық филиалдарының 2014-2015 жылдар аралығында партия Жарғысы талаптарының орындалуы мен қаржы-шаруашылық қызметін тексеру қорытындылары. Комиссия төрағасы Мырзақасым Байбеков тексеру жұмыстары партияның ішкі тәртібін күшейтуге үлкен септігін тигізетінін айтып, басқосудың мән-мазмұнына тоқталды. Бақылау-тексеру комиссиясы төрағасының орынбасары Нұрқасым Үкібаев жүргізілген тексерулер бойынша баяндама жасады. Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы Тараз қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Балжан Пернебекова, партияның Байзақ, Мойынқұм және Шу аудандық филиалдары төрағаларының бірінші орынбасарлары Н.Тілепов, М.Сейдалиев, Б.Ниязбеков есеп берді. Нұрқасым Үкібаевтың мәлімдеуінше, бастауыш партия ұйымдарының ішкі жұмысын үйлестіруде барлық ауданда олқылықтарға жол берілген. Әсіресе, Меркі аудандық филиалында жұмыс істейтін қызметкерлердің іссапар шығынында шикіліктер бары анықталған. Мойынқұм ауданындағы партияның филиалы ғимаратынан аудандық «Мойынқұм таңы» редакциясына 192,1 шаршы метр жайды жалға бергені мәлім болып отыр. Жалға бергенде тұрған ештеңе жоқ. Мәселе, жалға алынған жайдың ақысының әркелкілігінде. 2014 жылдың 30 желтоқсанында №1 келісім-шарт бойынша жалға берудің бір шаршы метрі 400 теңге деп көрсетілген. Ал енді 2015 жылдың 5 қаңтарында №79 шартқа сәйкес аудандық жастар орталығына берілген 100 шаршы метр жайдың бағасы 2000 теңгені құраған. Комиссия төрағасы М. Байбеков өрескел олқылықтарға жол бергендерге кешірім болмайтынын ескертті. Комиссия отырысында қаралған мәселелар бойынша қаулы қабылданып, орын алған олқылықтарды жоюға нақты тапсырмалар берілді. Сонымен қатар, партия филиалы басшыларына партияның негізі бастауыш партия ұйымдары төрағаларын аталған қаулымен міндетті түрде таныстыру жүктелді.
Қанат Тілепберген, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




