Қызылордада 75 жастағы ақсақал жүргізуші куәлігін алды
Қызылордада 75 жастағы ақсақал жүргізуші куәлігін алды. Басылым тілшілерінің мәліметінше, Қызылорда облыстық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына 75 жастағы Аралбай Әбдіразақов атты ақсақал келген. "Әлемнің бір қиырындағы мемлекеттің 70-тегі тұрғыны жоғары оқу орнына түсіпті. 80-дегі қариялар некелесіпті. 90-дағы кісі мектеп бітіріпті. Осы тектес жаңалықтарды "естімеген елде көп" деп тамсанып отырып оқушы едік. Осыған ұқсас жағдай Қызылорда облысында да болды", - деп таңғалады тілші.
Алайда ақсақалдың жүргізу куәлігі бар болып шықты. Ол өзінің білім-білігін жаңа технологияның көмегімен тексеріп көрмек болғанға ұқсайды. Әбдіразақов барлық теория және тәжірибе сынақтардың ешқайсысынан сүрінбей өткен. Жүргізушіге қойылатын талаптарды түгелдей орындап шыққан. Осылайша, 75 жастағы Аралбай Әбдіразақов жүргізуші куәлігін иеленді.Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




