Елорда күні тараз топырағында да ерекше ықыласпен атап өтілді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ғарышкер-сынақшы Айдын Айымбетовті қабылдады. Кездесуге Президенттің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н. Ермекбаев пен Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Т. Мұсабаев қатысты. Қазақстан Президентіне Айдын Айымбетовтің штаттық режім бойынша Халықаралық ғарыш стансасына ұшуға дайындығының барысы жөнінде хабарланды. Айдын Айымбетов өзінің барлық қажетті тесттер мен емтихандарды сәтті тапсырғанын айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы ғарыш қызметі саласына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Тәуелсіздігіміздің мақтанышына айналған Астана күнін көтеріңкі көңіл-күймен, ән мен жыр, бұралған би өнерімен және аспанды әрлеген от шашумен қарсы алған Тараз жұртшылығы көкте қалықтаған Астана туралы түрлі әндерді көпшілік бірге қосыла шырқады.
Салтанатты шара бұрын-соңды үлкен сахналарда орындалмаған «Елбасы» әнімен ашылды. Е. Нұрланұлының сөзіне жазылған Б. Бейсенбаевтың бұл әнін «Достар» квартеті әуелете шырқады. «Кәусәр» вокалдық ансамблі орындаған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзіне жазылған Б. Тілеухановтың «Елім менің» әні де Тараз аспанында асқақтай түсті. Ал «Жастар» тобының жігіттерден құралған би тобы «Көк түрік болып жұмылып, көк бөрі болып ұлыдық...» деп келетін сарыны сесті кешегі заманның қайсарлық толғауына иықтарына бөлтірік терісін ілген ұлттық нақышта би билегенде рухтары көкке шапшыған халық мерекенің мерейлі сәтін барынша ұғынғысы келгендей әсер танытты. Шара барысында кеш жүргізушілері саяси, рухани және пәлсафалық мәні астарлы, әрі терең Елорда тарихы, болашағы және жетістіктері жөнінде дәйекті деректер келтіріп отырды. Өңірдің жезтаңдай жыршылары мен заманауи үлгіде ән әуелетіп жүрген тараздық күміс көмей жастар думанға жиналған дүйім жұртқа мерекелік көңіл-күй сыйлап, барша жиналған қала тұрғындарына Қазақстанның бас қаласы – Астана күнімен құттықтауларын жеткізді. Облыстық филармония әншілері әр жылдары Астанаға арналған әндер мен туған жер, атамекен тақырыбындағы әндер шырқап, мерекенің мерейін арттыра түсті. Кеш соңында қала тұрғындары мерекелік отшашуды тамашалады. Аталмыш салтанатты шара Астана шаһарының мерекесі тек астаналықтардың ғана емес, барша қалың қазақтың, Қазақстанды мекен еткен барлық ұлттардың ортақ қуанышы екендігін нақтылай түсті.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді