Елордада Астана күні 79 нәресте дүниеге келді
Елордада Астана күнінде 79 нәресте дүниеге келді, - деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, дүниеге келген нәрестелердің 28-і қыз, ал қалған 51-і ұл бала. Айта кетейік, былтыр осы күні 61 сәби: 33 ұл және 28 қыз туған болатын.
Еске сала кетейік, 6 шілдеде Астананың 17-ші туған күні тойланды. Қала күні мерекесі аясында 100-ден астам шара ұымдастырылды. Дәстүрлі мерекелік бағдарламалардан бөлек қала тұрғындары мен қонақтары жауынгерлік өнер фестивалін, үрмелі аспаптар оркестрлері фестивалін, иллюзионистер шоуы мен "Нұрлы Есіл" лазерлік-пиротехникалық шоуын тамашалады. Қала көшелерінде этноауылдар мен ЗD қалашықтар тігіліп, Есіл өзенінің жағалауында түрлі ұлттардың мәдениетімен танысуға мүмкіндік болды. Астана аспанында жүздеген шар мен батпырауық қалықтап, саябақтарда ауқымды фестивальдар мен халықтық серуен өтті.
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




