Құрметті жамбылдықтар!
Сіздерді мемлекеттігімізді ұлықтайтын бүкіл халықтық мерекелердің бірі – Астана күнімен және Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекетіміздің экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктері, мыңдаған қазақстандықтардың армандары, үміттері және болашағы Елбасымен байланысты. Ол Астананың әлемнің ең дамыған 30 астаналарының қатарына кіру міндетін қойды. Қазірдің өзінде осы теңдесі жоқ мақсатқа қол жеткізу үшін Қазақстанның экономикалық даму қарқыны қажетті тұғырнаманы қамтамасыз етті деп айтуға болады.
Бүгінгі күні Астана қазіргі заманғы әсем қалалардың бірі болып, Орта Азия аймақ өмірінің экономикалық және мәдени орталығына айналды. Мұнда ең өзекті саяси, экономикалық және мәдени-әлеуметтік мәселелер жөнінде халықаралық кездесулер, дәстүрлі және әлем діндерінің жиналыстары ең жоғары деңгейде өтеді. Елордамызда елдіктің ерен жеңісі саналатын «ЕХРО-2017» халықаралық көрмесін өткізудің өзі үлкен мәртебе.
Қымбатты жерлестер, Сіздерді Астананың туған күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біздің жас, бірақ сеніммен алға қарайтын Астанамыз гүлденіп, барлығымызды бірлестіріп, ұлы және әсем қала бола берсін! Әлемдік қоғамдастықта өз ұстанымын нығайта берсін! Оның негізін салушы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, біздің ортақ үйіміз Қазақстан Республикасының игілігі мен өркендеуі жолында толағай табыстар тілейміз.
Ізгі ниетпен: Б. Қарашолақов, облыстық мәслихаттың хатшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді