Астана күні мерекесіне орай «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында облыс әкімі, партия облыстық филиалының төрағасы Кәрім Көкірекбаевтың қатысуымен жаңа үлгідегі партия билеттерін тапсыру салтанаты өтті. Облыс басшысы әуелі жиылғандарды Астана күні мерекесімен құттықтап, сөз сөйледі. – Бүгінде әлем назарын өзіне аударып отырған Астана ұлтымыздың символына, Отанымыздың жүрегіне, Тәуелсіздігіміздің тірегіне айналды. Бұл – жаңа дәуірдегі жаңа Қазақстанның жаңа Астанасы! Татулығы мен бірлігі жарасқан елімізде Елбасы және Елорда деген ажырамас ұғым қалыптасты. Өйткені, күн сайын құлпырып келе жатқан Астана – Елбасының төл перзенті, архитектуралық туындысы! Осы күндері егемен еліміздің барлық аймақтарында Астана күніне арналған кешенді партиялық шаралар өтуде. Жыл сайынғы дәстүр бойынша осы айтулы мереке қарсаңында партия филиалдарында партия қатарына жаңадан қабылданған мүшелерге арнайы билеттер тапсыру рәсімі өткізілуде. Бүгін біз осындай салтанатты шарада бас қосып отырмыз. Қазіргі таңда облысымызда 64500-дей партия мүшесі, 399 бастауыш партия ұйымы «Нұр Отан» партиясының алға қойған міндеттерін абыроймен орындап келеді. Сіздерді бүгіннен бастап «Нұр Отан» партиясының мүшесі ретінде еліміздің дамуы мен өңірдің өркендеуі жолында аянбай еңбек етеді деп сенемін. Елдік пен тұтастықтың туын көтерген Астана қаласының келешегі кемел, болашағы баянды болсын! Баршаңызды Астана күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын, – деді облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев. Құттықтаудан кейін Кәрім Нәсбекұлы Тараз педагогикалық институтының ректоры, облыстық мәслихаттың депутаты Дария Қожамжароваға Елбасының Алғыс хатын тапсырды. Мұнан соң партия қатарына жаңадан қабылданғандарға партия билеттері салтанатты түрде табыс етілді.
Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол».
Суретті түсірген Ақәділ Рысмахан.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




