Жамбыл облысының балуаны Бейбіт Ыстыбаев "Қазақстан барысы-2015" турнирінің жеңімпазы атанды. Ол финалда қызылордалық Руслан Әбдіразақовты жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ыстыбаев күрестің басынан-ақ басымдығымен көзге түсті, алайда оның қарсыласы өзінен салмағы ауыр балуанды шаршатып алмақшы болды. Айта кетейік, Әбдіразақов 115 келі тартса, Бейбіт Ыстыбаевтың салмағы - 145 келі. Раунд ортасында Ыстыбаев белсенділігі үшін бір ұпай алды. Қалған екі минутта Ыстыбаев есепті сақтап қала алды және тұңғыш рет "Қазақстан барысы" турнирін екі мәрте ұтып алған балуан атанды. Ол 150 мың АҚШ долларына ие болды. Жарыстың басты сыйлығы "Алтын тайтұяқты" жеңімпазға ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев тапсырды
ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




