Астанада Qazaq Air әуе компаниясының таныстырылымы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Шараға қатысушылар Qazaq Air компаниясының бірінші бортын көрсетті - Bombardier Dash 8 Q400 жаңа заманның екі қозғалтқышты турбовинт ұшағы.
Таныстырылымда ұсынылған Bombardier Dash 8 Q400 ұшағы әуе компаниясында бар үш борттың бірі. Мұны компания осы аттас концерннен тапсырыспен алдырған. "Бұл заманауи турбовинт ұшағы, оның бірегей техникалық мүмкіндіктері, шұғыл иілгіштігі және жолаушыларға деген жайлылығы бар. Бұл модельдің жылдам ұшатын нұсқалары осы түрдегі ұшақтардың ең биігі саналады, ал жанармай шығыны реактив ұшақтарға қарағанда 30 пайызға аз келеді", - делінген таныстырылым кезінде таратылған баспасөз хабарламасында.
Qazaq Air әуе компаниясының жоба директоры Блэр Поллок тілшілердің сұрағына жауап бере отырып, әуе билеттерінің құнын атай алмады, алайда олардың "қызықты баға" болатынын атап өтті.
"Сайтты іске қосқанымызды бағаларын көресіздер. Егер ерте сатып алатын болсаңыздар, әрине, жеті мыңдай болады, ал егер ертең болатын рейске алсаңыз бағасы қымбат. Алайда қазіргі уақытта нақты ұшу бағасын атай алмаймыз", - деді Поллок.
"Біздің бірінші рейсіміз 20 шілдеде болады деп үміттенеміз. Бірінші рейс Алматыдан Павлодарға ұшады", - деді Поллок.
Сонымен қатар, Поллок логотип мәнін түсіндірді. "Қазақстан адамдарын қосу" деген тақырыпқа негізделе отырып, біз логотип жасадық, ол ел территориясые 14 дөңгелекпен - Қазақстан өңірлерімен байланыстырылады", - деді ол. Әуе компаниясының ұран сөзі "Біз үздікпіз, біз жақынбыз".
ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Атқарылған іс – арқалаған сенімді ақтайды
- 21 қараша, 2024
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді