Ауылымыздағы Д. Оразбаев көшесі көптен жөндеу көрмегендіктен, тозып, әсіресе, жауынды-шашынды күндері батпаққа айналып, тұрғындардың жүріп-тұруы қиындап кетіп еді. Өзі туып-өскен ауылдағы осынау келеңсіз жағдай бүгінде Тараз қаласында тұратын «Пырақ» ЖШС-ның директоры Талғат Базарбекұлы Жолтаевты бейжай қалдырмаған секілді. Кәсіпкер азамат ауыл жұртшылығының мұқтажына құлақ асып, бір шақырым жерге жол салып, үш шақырымдық көше жолдарын күрделі жөндеуден өткізіп, шағыл тас төсетіп берді. Сонымен қатар, әр үйге көше атауы жазылған тақтайшалар орнатты. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ауылда тұратын бес бірдей ардагер үйі де ерекше қамқорлыққа алынды. «Елін сыйлаған ер есікте қалмас» дегендей, Талғат бауырымызға ауылдастарының игілігін ойлап, қолынан келгенінше қолдау-көмегін көрсеткені үшін алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Әбілдә НҰРМОЛДАЕВ Тамабек ауылы, Талас ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




