«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Тарихқа құрмет

Тарихқа құрмет
ашық дереккөз
Тарихқа құрмет

Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту туралы Елбасының ұсынысы тәуелсіз Қазақстан тарихындағы, рухани кеңістігіндегі үлкен бір елеулі дүние деп бағалауға болады. Осыдан 550 жыл бұрын Қазақ хандығы Керей мен Жәнібек хандардың бастауымен құрылғандығын тарихтан, әдебиеттен білеміз. Қазақ халқының тағдырлы тарихы 550 жылдықпен шектелмейтіні белгілі. Десек те, Орта Азияда түркі халықтарының ортасынан жеке өзінің еншісін алып, Қазақ хандығының құрылуы – үлкен тарихи оқиға. Біз бұл тойды тойлай отырып, «Қазақ халқының өзінің мемлекеті болмаған, шекарасы, астанасы  болмаған» деген секілді алып-қашпа сөздерге нағыз тарихи жауап қайтарамыз деп ойлаймын.  Өйткені, осыншама ұлан-ғайыр аспанның асты, жердің үстін мекендеген  адамзат тарихында «Қазақстан мемлекеті жер көлемі жағынан 9-орында тұруының өзі көп сырды аңғартады емес пе?! Қазақ халқының ежелден жауынгер, батыр, дана болғандығына мысалдар жетерлік. Сан ғасырлық арманымыз азаттыққа қол жеткен бұл күнді алаш халқына Алланың мейірімі түскен күн деп бағалаймын. Кешегі Абылай оның ісін жалғастырған Кенесары, Наурызбай да еңбегін, ерлігін елі мен жері үшін осы қазақ даласында жорытқан Қазақ хандығын сақтап қалу жолындағы еңбектерін айтпай кетуге болмайды. Сол мұрат араға сан мыңдаған жылдар салып тәуелсіздікпен жалғасты. Әлбетте, мұның барлығы да бір күнде бола қалған шаруа емес. Ғасырлар қойнауында жатқан кешегі ата-бабаларымыздың асыл мұраты, аңсары осының барлығы үзілмей сабақтасып отырып бүгінгі тәуелсіз елдің санасына, жас ұрпақтың жүрегіне сіңіп-дарыған қасиет арқылы жеткен жетістігіміз. Сондықтан да Қазақ хандығының 550 жылдығын ресми түрде атап өту біздің іргеміздің беки түсуіне бақытты, баянды ынтымағымыздың одан әрі өркендей түсуіне үлкен сеп болады. Шын мәнінде, бүгінгі ұрпақ өзінің қандай елде, қандай жерде туып-өскендігін, өз ата-бабалары қандай дәрежеде болғандығын түйсініп өсуі шарт. Қазақ хандығының 550 жылдығын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіздіктің кемел шағында қолға алған, жас ұрпақтың санасына сіңіруге бағыттаған келелі ұсынысы деп  ойлаймын.

Ақнұр Әділова, ТарМУ-дың информатика кафедрасының аға оқытушысы.

Ұқсас жаңалықтар