Қай елдің болмасын дамуында ұлттық мәдениетті өркендетудің маңызы зор. Қазақ елі де осы жолмен жүріп келеді. Өйткені, мәдениеті жоқ халықтың келешегі жоқ. Тек ұлттық мәдениетін өркендеткенде ғана дамудың жолына түсетіні хақ. Ұлттық мәдениеттің ауқымы кең. Оның аясында сан ғасырлық ата-баба дәстүріне сай қалыптасқан мәдениет жатады. Заманның дамуына сай жаңарған, өміршең мәдениетті халықтың бойына қалыптастыруда өркениетке ұмтылыс болып саналады. Халықтың бай мәдениеті қашанда сол халықтың ең басты байлығы, құндылығы болып келеді. Одан ажырамау – ұлттың міндеті. Осы қасиетті құндылықтарды сақтауда елімізде ауқымды тірліктер қолға алынды. Оған еліміздің мәдени саласында атқарылып жатқан зор жұмыстар айғақ. Осы міндеттерді атқаруда мемлекеттік емес ұйымдар да өз үлестерін қосуда. «Зиялы заман» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен осы жылдың өзінде біршама жұмыстар атқарылды. Мамыр айында облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының тапсырмасы аясында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оған Тараз қаласының бір топ зиялы қауымы, сол қуғын-сүргінді бастан кешкен ұрпақтың өкілдері, ардагерлер, өзге ұлт өкілдері қатысты. Сол бір зұлмат жылдардың естелігін еске түсіріп, қиын-қыстау заманда кең пейілді қазақ халқының арқасында жер ауып келген өзге ұлт өкілдерінің аман қалып, қазақ жерінен бақыт тапқаны, кейінгі ғұмырлары сөз болды. «Мәңгілік Ел» – жалпыұлттық идеясы аясында ел бірлігін нығайтуда ұлттық мәдениеттің атқаратын рөлі кеңінен сөз болуда. Осы тақырып аясында Жамбыл ауданының кітапханалар жүйесінде өткен «Мәдениет, дәстүр және даралық» атты дөңгелек үстелдің маңызы зор болды. Оған аудандағы кітапханашылар, мұрағат қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері қатысып, кеңінен ой толғады. Жуалы ауданының Ақтөбе ауылдық клубында өткізілген кешке белгілі айтыс ақындары Алтынкүл Қасымбекова, Айтмұхамбет Исақов қатысып, «Мәңгілік Елдің» өршіл рухы жайындағы толғамды ойларын ортаға салды. Осы кездесулерде халықтың ертеңгі келешегімізге деген сенімдерін көріп, көңіліміз марқайды. «Мәңгілік Ел» тақырыбының ауқымды екенін аңғардық. Ол бүкіл халықтың қолдауына ие.
Майра Әлімова, «Зиялы заман» қоғамдық бірлестігінің төрайымы. Тараз.
Ұқсас жаңалықтар
Атқарылған іс – арқалаған сенімді ақтайды
- 21 қараша, 2024
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді