«Еліңді сүйсең, ерлік жасайсың». Иә, бүкіләлемдік бокс сериясында топ жарған «Астана арландары» бокс клубының әрбір мүшесі жеңіс жолында жанкештілік танытты. «Куба қабыландарынан» айласын асырған қазақстандық клубтың жеңісі бәрімізге үлкен қуаныш сыйлады. Ол қуанышты әлемнің 20-дан астам елінің жанкүйерлері теледидар арқылы тамашалады. Ақтық сында қазақстандық клуб сапында өнер көрсетіп, команда үшін маңызды ұпайларға қол жеткізген жерлестеріміз Олжас Сәттібаев пен Асланбек Шымбергенов атты қос батырды кеше облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев қабылдап, былғары қолғап шеберлеріне ризашылығын білдірді. «Сол күні Олжастың кездесуін көрдім. Олжас, стилің біраз өзгеріпті. Қазір кім жаттықтырып жүр?» деп сұрады облыс әкімі Кәрім Нәсбекұлы. «Қазір кезінде Серік Сәпиевті дайындаған Александр Стрельниковтан тәлім алып жүрмін» деп үн қатты Олжас көзінен қуаныш нұры себезгілеп. «Олжас, Асланбек, сендер біздің мақтанышымызсыңдар. Отан үшін, елдің абыройы үшін төккен терлерің ақтала берсін. Сендер әлі жассыңдар. Үлкен жарыстарда топ жара түсіңдер. Бірің олимпиада чемпионын, бірің лицензия иегерін жеңдіңдер, біз сендерден үлкен үміт күтеміз, батырлар!» деп өңір басшысы қос боксшыға сәттілік тілеп, сый-сияпат жасады.
Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Эндометриозды емдеудің жолы қандай?
- 22 шілде, 2025
Ауруды асқындырмай, алдын алған маңызды
- 22 шілде, 2025
Ақпарат
Сотқа деген сенім – бәрінен маңызды
- 1 шілде, 2025
Жамбылда ҚАЖД қызметкерлері қан тапсырды
- 14 маусым, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді