«Баласағұн» орталық концерт залында Қазақстан полициясының 23 жылдығына арналған салтанатты шара өтті. Оған құқық қорғау органдарының, ұйымдар мен мекемелердің басшылары, сала ардагерлері, қалалық ІІБ жеке құрамы, полицейлер әулеттері қатысты. Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың құттықтау жедел хаты оқылып, министрліктің марапаттары тапсырылды. Облыстық ІІД бастығы, полиция полковнигі Бекет Аймағамбетов жиналғандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, облыс полицейлері аға буынның білімі мен білігін, іс-тәжірибесін назарға ала отырып, қылмыстың өсуіне қарсы әрекет етіп, қоғамдық тәртіпті сақтауда және азаматтарымызды заңға қайшы әрекеттерден қорғауға барын салатындығын жеткізді. Ішкі істер департаменті қызметінің кәсіби және жоғары деңгейде ұйымдастырылған жұмысы нәтижесінде аса ауыр қылмыс саны 37 пайызға төмендеген. Қоғамдық орындар мен көшелерде жасалатын қылмыс саны да азайған. Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы қызметкерлері үш тоннаға жуық есірткі құралын тәркілеген. Облыс полицейлері жақсы жұмыс нәтижелерін көрсетіп қана қоймай, спорт салаларында жоғары көрсеткіштерге жеткен. Департамент бастығы ішкі істер органдарының ардагерлеріне де алғысын білдіруді ұмытпады. Жиналғандар азаматтардың қауіпсіздігін сақтауда қызметтік парызын абыроймен атқарып, бейбіт заманда қаза болғандарды да бір минут үнсіздікпен еске алды. Үздік полицейлер облыс әкімінің, облыстық мәслихаттың және департаменттің марапаттарына ие болды. Салтанатты кеш концерттік бағдарламаға ұласты.
Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол». Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Медицина саласы серпінді дамуда
- 14 қаңтар, 2025
Метапневмовирус қаншалықты қауіпті, облыстағы жағдай қандай?
- 14 қаңтар, 2025
Ақпарат
Таразда ҚАЖ департаменті жыл қорытындысын жасады
- Бүгін, 20:42
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді