Облыс орталығындағы «Достық» үйінде этномәдени орталық жетекшілерінің, аналар кеңесінің, үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыруға бағытталған 100 нақты қадамды талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Жиынды облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының басшысы Лариса Лысова ашып жүргізіп отырды. Басқосуда Тараз мемлекеттік университетінің доценті, философия ғылымдарының кандидаты Парида Мамедова баяндама жасап, аталған құжаттың негізгі діттегені кәсіби мемлекеттік аппарат құру, заңның үстемдігін қамтамасыз ету, елді индустрияландыру және экономикалық өсімге қол жеткізу, сондай-ақ республикада біртекті ұлт құру және қазақстандықтардың тату-тәтті ауызбірлігін орнықтыру, ел халқына есепті мемлекет қалыптастыру болып табылатындығына тоқталды. Әрі «Ұлт жоспары-100 қадам» Елбасының 2014 жылдың 11 қарашасында республика халқына арнаған «Нұрлы жол» – болашаққа бастар жол» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді, «Мәңгілік ел» идеясын және әлемдегі бәсекелестікке қабілетті 30 елдің қатарына қосылу жөніндегі мақсатты орындаудың басты алғышарты екендігін атап көрсетті. Баяндамашы құжаттың Қазақстан халқы Ассамблеясын «Үлкен ел – үлкен отбасы» кең көлемді жобасын әзірлеуге және жүзеге асыруға міндеттейтіндігін әрі жобаның қазақстандықтардың біртектілігін нығайтуға және азаматтық қоғамның бүтіндігін қалыптастыру үшін жағдай туғызуға ықпал ететіндей деңгейде болуы тиістігін жеткізді. Іс-шараның күн тәртібінде талқыланған басты тақырыптардың бірі, құжатта аталған «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасын әзірлеу және орындаудың, ең алдымен, Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы мен «Астана – Еуразия жүрегі», «Алматы – Қазақстанның еркін мәдени аймағы», «Табиғат бірлігі және көшпелі мәдениеттер», «Алтай інжулері», «Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту», «Каспий қақпасы» өңірлік мәдени -туристік кластерлерін құруды жүзеге асырумен байланыстырылуы қажеттігін ескерген дөңгелек үстелге қатысушылар өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды. Дөңгелек үстелді Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының басшысы Лариса Лысова қорытындылады.
Сапарғали Әлібай, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді