Иппотерапиялық емдеу орны. Ол не?

Иппотерапиялық  емдеу орны. Ол не?
ашық дереккөз
Иппотерапиялық емдеу орны. Ол не?

Иппотерапия, бұл – адамның жылқы түлігімен қарым-қатынасына негізделген емдеу әдісі. Әсіресе, қимыл-қозғалысы шектеулі, жүйке жүйесі ауруларымен ауыратын, әлеуметтік бейімдеуді қажет ететін жандарды оңалтуда тиімділігі мол. Бүгінде Алматыдағы халықаралық иппотерапия мектебінің филиалы еліміз бойынша бұл саладағы бірден-бір құрылым екені де белгілі. Міне, мұндай емдеу орны – «Зербұлақ» иппотерапиялық ат клубы «Асар»  мүгедек жастармен жұмыс жасайтын ұйымдар одағы, облыстық және қалалық мүгедек жастар қоғамдарының бастамасымен  бұрнағы күні біздің облысымыз орталығында да ашылды. Құрылым негізінен жекелеген демеушілердің қаржылай қолдауының нәтижесінде ірге көтеріп отыр. Оның ашылу салтанатында да Қазақстан халқы облыстық ассамблеясының атқарушы хатшылығы мен «Ауыл-Береке» ЖШС клубқа бір-бір  аттан беріп, тамаша сый-тарту жасады. Салтанат барысында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шәбден Тілеумұрат жастар қадамын құптап, мүмкіндігі шектеулі жандардың әлеуметтік жағдайы әр кезде де партияның назарында болатынын жеткізді. «Зербұлақ» көлі маңынан ашылған клубтың ат ұстайтын арнайы орындары мен серуен алаңы бар. Бүгінгі таңда иппотерапиялық ем қабылдауға алпысқа жуық жасөспірім тіркеліп отыр. Оларға 2 әдіскер, сондай-ақ психолог және иппотерапия маманы тегін қызмет көрсетеді. Тек атпен серуендеу ақылы. Төлемақы мөлшері әркім үшін де қолжетімді. Облыстық мүгедек жастар қоғамының төрағасы Сәкен Қабдуллиннің айтуынша, алдағы уақытта клуб меншігіндегі серуен аттарының саны көбейтіліп, мұнда жүзге жуық баланың иппотерапиялық ем алуына мүмкіндік туғызылатын болады.

«Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар