Әр спортшы аламанға түсер кезінде өзіне қолдау білдіретін, ағайын-туыс, жанашырлары мен жанкүйерлерінің үмітін ақтауға тырысады. Ал әлемдік байрақты бәсекелерде сол спортшыларымыз өзінің артында бүтіндей бір ел, бір халықтың тұрғандығын сезінеді. Сол халықтың сенімінен шығуға, үмітін ақтауға тырысады, барын салады десем, өтірік емес. Өйткені, азаматтық ұстанымы мен ұлттық намысқа берік адамнан ғана хас спортшы шығады. Міне, сондай шыныққан шымыр мүсінді спортшылар өз жеңістерімен тұтас елдің абыройын әлем алдында асқақтатады. Сол сәтте жеңімпаздарымыз өз елінің байрағын биіктен көріп масаттанады. Қолын жүрек тұсына қойып Әнұранды ерекше тебіреніспен шырқайтынын білеміз. Осындай байрақты бәсекелерде өз мемлекетінің рәміздерін танытуға спортшы біткен бейіл. Алдағы уақыттарда көк Туымызды жоғарыдан желбіретуге, Әнұранымызды әлем алдында шарықтатуға барымызды сала беретін боламыз. Текті елдің, баһадүр болмысты бабалардың ұрпағы екенімізді дәлелдеуде аянбаймыз. Өйткені рәміздеріміз біздің рухымызды аспандатады.
Ақжүрек Таңатаров, еркін күрестен Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері.
Ұқсас жаңалықтар
Ерте анықтау – аурудың алдын алады
- 4 желтоқсан, 2025
Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, жүйкеңді сақта
- 29 қараша, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




