Туымыз биіктей берсін!

Туымыз  биіктей берсін!
ашық дереккөз
Туымыз биіктей берсін!

12Еліміздің мемлекеттік рәміздері Қазақстанның мемлекет ретіндегі болмысын, бейнесін айқындай түседі. Туымыздың биіктерден көріне түсуі үшін әрбір қазақстандық борыштар. Өйткені, ол – біздің баға жетпес байлығымыз. Жұмыр басты пенде біткен, оның ішінде, спортты жанына серік еткен әріптестерімнің бәрінің арманы – бәсі биік бәсекелерде қатарынан оза шауып, бәйге алып, елінің мәртебесін асқақтата түсу екені баршамызға мәлім. Татулық пен бірліктің айнасына айнала білген еліміздегі берекелі тірліктің арқасында жерлестеріміз мерейлі жетістіктерге жетіп жатыр. Бұл – үлкен абырой. Мен де кәсіпқой спортшы ретінде елімнің тек биіктерден көрінуі жолында тер төккім келеді. Азия ойындарында әр кездесуге шыққан сайын мемлекеттік рәміздерімізді, оның ішінде көк Туымызды есімнен шығарғаным жоқ. Өзімді өзім қайрап, жігерімді жанығанымның арқасында шығар, көк Туды биіктен желбіретіп, Отаныма алтын алқамен оралдым. Алда әлі талай асқаралы асулар тұр. Алла қаласа, Рио Олимпиадасында да өз бабымда болып, байрағымызды көкке көтергім келеді. Ол бәріміз үшін серт қой. Өйткені онда елдің намысы сынға түседі. Тек жоғарыдан көрінейік, биіктерді бағындыра берейік, мемлекет ретінде әлемде беделіміз асқақтай берсін!

Елдос Сметов, дзюдодан Азия ойындарының чемпионы.

Ұқсас жаңалықтар