Енді олар аудан намысын қорғайтын болады
«Отбасы – шағын мемлекет». Ендеше, мемлекет мерейінің биік болуы оны құраушы отбасылардың ынтымақ-бірлігіне, әлеуетіне тікелей байланысты. Мұны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында баса айтып, еліміздің әр аймағында «Мерейлі Отбасы» ұлттық байқауын ұйымдастыруды тапсырған болатын. Осыған орай өткізілген Құландағы аудандық байқауға ұйымшыл, бауырмал, өнерлі 20 отбасы қатысты. Оза шапқандары облыстық, одан әрі республикалық байқаудың ақтық сынына жолдама алуға жол ашылатынын жақсы білетін әр отбасы мүшесі бұл сында барын салып бақты. Өз кезегінде сайысқа қатысушылардың өнеріне баға беріп, қарым-қабілеттері мен шеберліктерін сарапқа салған қазылар алқасы 4 отбасын жеңімпаз деп тапты. Олар: Әбдірайымовтар, Байрамуковтар, Дидай және Бекназаровтар отбасы. Енді осы отбасылар облыстық байқауда аудан намысын қорғайтын болады. Тынымсыз тірлігі мен берекелі бірлігінің, еңбекқорлығы мен адалдығының арқасында еңбектері еленіп, ұлын – ұяға, қызын қияға қондырып, өсіп-өнген бұл отбасыларды көпке үлгі етуге әбден лайық.
Нұрболат Әлдибеков, «Ақ жол».
Т.Рысқұлов ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




