Балаларға базарлық
Сәбидің, бүлдіршіннің шат күлкісінен асқан бақыт, байлық жоқ шығар. Сол балбөбектердің бал тілінде өлең, жұмбақ, әңгіме, анаграмма, сөзжұмбақ жазатын қаламгерлер баршылық. Алайда жоғарыда айтылған жанрлардың барлығын жиынтықтап жазатын қалам иелері некен-саяқ. Тұрар Рысқұлов ауданының тумасы, 45 жылға жуық уақытын аудандық «Құлан таңы» газетіне арнаған журналист Кәріпжан Нүсіп сол жанрлардың барлығын қамтыды. Өмірінің соңына дейін аудандық газеттің отымен кіріп, күлімен шыққан әріптесіміздің бірқатар шығармаларын балаларға базарлық ретінде оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.
Мәдениет және ақпарат бөлімі.
Ағаш ат Бар сырыңды ел ұқты, Жайылмайсың, жатпайсың. Мініп сендей көлікті, Қамшыласам шаппайсың. Міз бақпайсың «досым-ау», Кірпікті де қақпайсың. Маған өзің осынау, Мінезіңмен жақпайсың. Жұмбақтар Қара-ала көк түс өңі, Домалап жатып піседі. Қып-қызыл еті тәтті екен, Кімдер ойлап тапты екен? (Қарбыз) Жерге кірген басы бар, Желкілдеген шашы бар. (Сәбіз) Күш жұмсап ерен, еселі, Тынымсыз ғұмыр кешеді. Небір берік ағашты Тұмсығымен теседі. (Тоқылдақ) Шауып жүрер үйіле, Өзі жәндік іскер-ақ. Тасиды азық үйіне, Ауызына тістеп-ап. (Құмырсқа) Анаграммалар Ойнап «Ж»-дан бастасаң, Жылқыдан мені табарсың. «Ж» орнына «ш» қойсаң, Қартайып тез қаларсың. (Жал-шал) Егер «Т»-дан бастасаң, Күтсең өсіп-толамын. «Т»-ны алы тастасаң, Бұйрық рай боламын. (Тал-ал) Есіңе алып «Т» әрпін, Күзетсең қойлы қораны, Жылытамын денеңді. «Т»-ны алып тастасаң, Сан есімдік боламын, Біліп алғын сен енді. (Тон-он) Бастапқы «Т» әрпімді, Зер салып өзің байқасаң, Түлік екенімді білесің. «Т»-ны алып тастасаң, Қадір тұтып әрқашан, Сыйлап мәңгі жүрерсің. (Тана-ана) Ұйқасын тап Жасарып өмір сүрмейді, Аяқ та басып жүрмейді. Күлдіргі сөз айтсаң да, Өзінше бір күлмейді. Егделеу келген жасы бар, Құлақ, мұрны қасы бар. Қимылдамай еріні, Айтар сырын жасырар. Киімі киген ақ қана, Жарасымды шақ қана. Қысқы аязға тоңбайтын, Бұл не, айтшы? Аққала. ХХХ Құлпырып қырда, Тұратын жылда. Гүл үшін өсер, Қажет-ақ не? Нөсер. ХХХ Көрмей жатып бар аңды, Ізінен-ақ тапқан. Қорықпай түнде қараңғы, Тіссіз-ақ бүріп, қапқан, Бұл не? Қақпан.Ұқсас жаңалықтар
Атқарылған іс – арқалаған сенімді ақтайды
- 21 қараша, 2024
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді