Облыстық мәслихаттың күні кеше өткен кезектен тыс 37-сессиясында депутат Асаубай Майлыбаев Қазақ хандығының 550 жылдық тойын атап өтуге көп болып үлес қосу үшін арнайы қор құруды ұсынды. Оған өз қаражаты есебінен 550 мың теңге аударатындығын да хабарлады. Бұл туралы облыстық «Ақ жол» газетінде «Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Облыстық мәслихаттың депутаты Асаубай Майлыбаевтың ұсынысына қолдау көрсетейік, ағайын!» деген тақырыппен тарқатып жазылды.
Шынында да әріптесіміздің бастамасы туған жерге деген жанашырлықтан туған құптарлық қадам екендігі даусыз. Біз, депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдадық. Қолдап қана қоймай, қал-қадірінше қаржылай үлес қосуды ойластырып жатырмыз. Игілікті іске жүрегі елім деп соғатын азаматтар да аянбай атсалысады деп сенеміз. Мемлекет шарапатымен шаруасын жолға қойған кәсіпорындар мен қожалықтар, бизнес құрылымдары қарлығаштың қанатымен су сепкендей қайырымдылық танытып жатса, нұр үстіне нұр әрине. Қазір той өтетін Тараз қаласында қарқынды жұмыстар жүріп жатыр. Еліміздің өзге аймақтары демеушілік көмек ретінде шаһарды абаттандыруға атсалысуда. Мереке аясында облыс орталығы ажарлана түспек. Ең бастысы мұның бәрі де ертең осында қалады. Оның игілігін өзіміз сезінеміз. Ендеше, «Көп түкірсе – көл» дегендей, көтерілген ұсынысқа қолдау көрсетіп, шама-шарқымыз келгенше өз үлесімізді қосқанымыз жөн деп ойлаймын.
Оразалы ТЕЛЕУОВ, «Промхиммонтаж» акционерлік қоғамының бас директоры, облыстық мәслихаттың депутаты.
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді