Сейсенбі күні облыс әкімінің орынбасары Тимур Жанкенің төрағалық етуімен қылмыстық атқару жүйесі департаментіне бағынышты түзеу мекемелерінде ұсталынатын сотталғандарды ақылы жұмыспен қамту, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі комиссия отырысы болып өтті. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары Бағлан Жапашева баяндама жасады.
Баяндамашы өз сөзінде биылғы жылдың 4 айындағы мәлімет бойынша департаментке қарасты түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілердің саны 3051 адамды құрайтынын айтты. Олардың ішінде 1380-і еңбекке жарамды екен. Бүгінгі таңда сотталғандарды жұмыспен қамту көрсеткіші 48,2 пайызды құрайтын көрінеді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,2 пайызға артық. Осы орайда облыс әкімінің орынбасары Т.Жанке жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту көрсеткіші көңіл көншітпейтінін, сондықтан да бұл бағытта нәтижеге негізделген жұмыс жүргізу қажеттігін шегелеп айтты. Облыс бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті басшысының орынбасары Бағлан Жапашева жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту үшін «Еңбек–Жамбыл», «Еңбек–Тараз» кәсіпорындарымен, сондай-ақ жеке кәсіпкерлермен мәмілелер жасалып жатқандығын тілге тиек етті. «Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Жыл соңына дейін жұмысқа жарамды сотталушыларды еңбекпен қамту көрсеткішін 60 пайызға жеткізуді жоспарлап отырмыз», – деді Б.Жапашева. Комиссия отырысында облыстық прокуратураның 7-басқармасының бастығы Секер Бүркітбаев, өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры А.Қошмамбетов, облыс әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармаларының басшылары Ж.Баубеков, А.Мадиев сөз сөйлеп, ой-пікірлерімен бөлісті. Басқосуды қорытындылаған облыс әкімінің орынбасары Т.Жанке жауапты тұлғаларға бірқатар тапсырмалар жүктеді.
Тұрсынбек СҰЛТАНБЕКОВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




