Еліміздегі билік партиясы — «Нұр Отанның» ХVI съезінде көтеріліп, Қазақстан Республикасы Президентін ұлықтау рәсімі кезінде Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың сөйлеген сөзінде нақтыланған республикамыздың елдік ілгерілеуінің өзегі болып табылатын басты бес халықтық реформаны жүзеге асыру еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан барынша дамыған әлеуетті мемлекетке айналуына мүмкіндік туғызады. Өйткені, бес институционалдық реформа жүзеге асқан тұста Елбасының атап көрсеткеніндей, біріншіден, экономикалық бағдарламалардың тиімді жүзеге асуын және мемлекеттік қызметтерді сапалы ұсынуды қамтамасыз ететін заманауи, кәсіби және автономды мемлекеттік аппарат қалыптастырылады. Әрі оған қазірдің өзінде толық негіз бар. Олай деуіміз, нақтылы уақытта, бұл бағытта бірқатар кешенді шаралар жүзеге асырылды. Ең алдымен, мемлекеттік қызмет саласында мемлекеттік қызметшілердің «А» және «Б» корпустары түзілді. Мемлекеттік қызметтің қазақстандық моделі де қалыптасты. Дегенмен, Республика Президенті алда тұрған маңызды міндет ретінде мемлекеттік қызметшілер корпусын кәсіби және автономды ету, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесін енгізу, жалақыны шенеуніктің немесе мемлекеттік қызметкердің еңбек өнімділігіне, басқарушылық үдеріске қосқан үлесіне байланысты төлеу қажеттігін атап көрсетті. Бұдан бөлек, Елбасы жұртшылық арасынан дарынды адамдарды тауып, мемлекеттік қызметке тарту туралы міндетті де жүктеді.
Елбасы Ұлт жоспары ретінде ұсынған халықтық мәні зор бес реформа, екіншіден, заңның үстемдігін қамтамасыз ететін болады. Осының негізінде меншік құқығына кепілдік беріледі, соттардың тәуелсiздiгi арқылы экономиканың дамуына ықпал ететiн меншiк иесi құқығы сақталады, кәсiпкерлiк үшiн жағдай жасалып, келiсiм мiндеттерiн қорғауға кепiлдiк беріледі. Үшіншіден, экономиканы әртараптандыруға негізделген индустрияландыру және экономикалық өсімге қол жеткізіледі. Бұған қатысты Республика Президенті индустрияландыру мен өңдеуші сектордың әлі күнге дейін экономикалық өсімнің нағыз драйверлеріне айналмай отырғанын алға тартып, мұның байыбына терең баруды Үкіметке ескертті. «Осы тұрғыда өңдеу саласында трансұлттық компаниялардың қатысуымен шамамен 10 ірі жобаны жүзеге асыруға кірісуіміз керек», – деді Мемлекет басшысы. Төртіншіден, қазақстандық қоғамда саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтауға мүмкіндік беретін еліміздің бірыңғай ұлтын қалыптастыруға мүмкіндік туады. Бұл ретте, Қазақстанның әлем жұртшылығы мойындаған өзіндік қалыптасқан үлгісі бар екендігін айта кеткен жөн. Бүгінгі таңда, бірқатар ұлт өкілдері Қазақстанның ортақ шаңырағы астында бас қосып, бүкіл әлем үшін ынтымақ пен берекенің үлгісіне айналып отыр. Алдағы кезеңде республика жұртшылығы, міне, осы тенденцияны одан сайын берік етуге жұмылуы тиіс. Елбасы да қазақстандық бірыңғайлылықты ары қарай нығайту туралы айтқанда, мұны азаматтық қағидатқа негіздеудің қажеттілігін алға тартты. Бесіншіден, авторы Елбасы болып табылатын Ұлт жоспары алға қойып отырған міндеттер жүзеге асырылған кезде Қазақстан транспарентті және есепті мемлекетке айналатын болады. Ал Елбасы ұсынған, ел бірлігін бекемдеп, тұрақтылықты нығайта түсуге серпін беретін бес халықтық реформаны жүзеге асыру — барша қазақстандықтардың осынау игі іске жұмылуын, елім, жерім деп жүрегі лүпілдей соққан әрбір азаматтың ортақ тірлікке мүмкіндігінше өз үлесін қосуын қажет етеді. Әрі, елінің тәуелсіздігінің тұғырлы, келешегінің жарқын болуын діттейтін отандастарымыздың бұл міндеттердің үдесінен шығары даусыз.
Гүлмира Кемелқұлова, облыстық мәслихаттың депутаты, аудандық аурухананың бас дәрігері.
Мойынқұм ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді