Көз – адамның айнасы десек, оның көру қабілетін жақсарту мақсатында облыстық офтальмологиялық орталығының атқарып отырған жұмысы мақтауға тұрарлық. Орталықта жылына 2500 адамға стационарлық ем жүргізіледі екен. Ал жалпы көз аурулары мәселесімен бас сұғатындардың 80 пайызының ота жасатуына тура келеді. Өйткені, катаракта, глаукома сынды көз ауруларын қалпына келтірудің бірден-бір жолы – ота. Міне, осындай дертке шалдыққандарға денсаулық сақтау ісінің үздігі Қайрат Әбдіқұлов бастаған дәрігерлер қауымының көрсетіп жатқан қамқорлығы шексіз. Әсіресе, ардагерлерге деген ілтипаты ерекше. Бұл орайда жасы үлкендерге қызмет көрсететін бөлімнің меңгерушісі Рашид Мусиннің де еңбегін айтпай кетуге болмас. Ақ желеңді абзал жандар жанары жасаураған талай адамға қол ұшын созып келеді. Сексеннің сеңгіріне шыққан өзім де дәрігерлердің шапағатын көріп отырмын. Жалпы, биылғы жылы орталықта 9 Ұлы Отан соғысының ардагері толықтай ем қабылдап шықты. 164 мүгедек көз ауруларынан айықты. Осылайша, халық денсаулығын жақсарту жолында аянбай еңбек етіп келе жатқан орталық ұжымына алғыстан басқа айтарымыз жоқ.
Қамбарбек ӘЗБЕРГЕН, қалалық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің мүшесі.
Ұқсас жаңалықтар
Атқарылған іс – арқалаған сенімді ақтайды
- 21 қараша, 2024
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді