«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ЖОЛЫНДА

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ЖОЛЫНДА
ашық дереккөз
ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ЖОЛЫНДА

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде ел дамуының жарқын болашағын айқындап берді. Жай ғана айқындап қана қоймай, нанымды түрде нақты түсіндірді.

«Мен өзімнің сайлауалды тұғырнамам болған 5 институттық реформамды ұсындым. 26 cәуір күнгі дауыс беру қорытындысын мен халықтың жедел түрде реформалар жүргізуге деген тікелей мандаты ретінде қабылдаймын. Мен реформаларды жүзеге асыру үшін өзімнің барлық ерік-жігерімді, шешімділігімді көрсетіп, мемлекеттік аппаратты қоғамның күш-жігерін Елбасы тапсырмаларын орындауға жұмылдыру ниетіндемін», деді Елбасы. Нұрсұлтан Әбішұлының реформаларды шапшаң әрі жүйелі жүргізуге бірден кірісіп кеткенін көріп отырмыз. Жаңғырту бойынша ұлттық комиссия құрып, оның құзырына жататын 5 реформаны кезең-кезеңмен іске асыратын жауапты тұлғаларды бекітті. Қазақстан өзінің мемлекеттік бағдарламаларын орындауда басқа елдерге үлгі болып келеді. Осыны ескерсек, 5 реформаның да сөзсіз жүзеге асатынына сенімдіміз. Мәселен, Индустрияландыру картасы аясында алғашқы бесжылдық жұмысының кейбір нәтижелері бойынша бағасы 3 триллиондық 770 жоба іске асырылып, 75 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Өткен жылдың өзінде 600 миллиардтық 150 жоба іске қосылып, 12 мың тұрақты жұмыс орны ашылған екен. Мемлекет басшысы химия саласына да ерекше назар аударуда. Осындай қамқорлықтың арқасында облыстағы іргелі кәсіпорын-«Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қарасты «Қаратау» тау-кен өңдеу кешені де қанатын кеңге жайып, жылдан-жылға өнім өндіру көлемін арттырып, табыстың тайқазанын қайнатуда. Біз қол жеткен табыстарымызға тоқмейілсіп, тоқтап қалмаймыз. Елбасы айқындап берген бес институттық реформасын орындауда бүкіл қазақстандықтар сияқты Қаратау кенін игеріп жатқан кеншілер де аянып қалмайды.

Мұратқали СӘРСЕНОВ,  «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің директоры,  облыстық мәслихаттың депутаты.

Сарысу ауданы.

Ұқсас жаңалықтар