Баспасөз басылымдарын сапалы жеткізуге септігін тигізетін аса бір маңызды факторлардың бірі – хат-хабарлар алушыны абоненттік жәшіктермен қамтамасыз ету. Қазіргі таңда Тараз қаласы бойынша 1250 көп пәтерлі үйлерді абоненттік жәшіктермен қамту қолға алынуда. Осыған байланысты, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай, Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысы ардагерлері облыс басшыларының қолдауымен абоненттік және пошта жәшіктерімен қамтамасыз етілді. Бүгінгі таңда облыс бойынша 160 соғыс ардагерінің үйлеріне пошта жәшігі орнатылды. Бұл игі іс-шара облыс, қала, аудан, ауыл әкімдерінің қолдауымен, жергілікті кәсіпкерлердің көмегімен жүзеге асырылуда. Ал пошта қызметкерлері өз тарапынан баспасөз басылымдарын және хат-хабарларды сапалы әрі жылдам жеткізуді қамтамасыз ете беретін болады.
Болысбек Пірәлі, «Қазпошта» АҚ облыстық филиалының директоры.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




