Ауданда бар болғаны екі-ақ соғыс ардагері қалды. Солардың бірі – ұзақ жылдар білім саласында еңбек еткен Сағаш ақсақал. Аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Жамбыл Қалыбаев, аудандық кірістер басқармасының басшысы Болатбек Асанбеков шалғайдағы Шығанақ ауылында тұрып жатқан соғыс ардагері Сағаш Әбдіровті құттықтап қайтты. Ақсақалдың тұрмысымен танысып, әңгімесін тыңдаған соң Б.Асанбеков өз ұжымы атынан Сағаш ақсақалдың иығына шапан жауып, басына бөрік кигізді, сонымен қатар заттай және ақшалай сыйлығын ұсынды. Сондай-ақ, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Қалыбаев соғыс ардагерімен ақжарқын әңгіме өрбітіп, ой бөлісті. Өз кезегінде Жеңіс күнін жақындатқан қарт сарбаз оны елеп, ескеріп, құрмет көрсете келгендерге алғысын айтып, ақ батасын берді.
Сүндетулла ӘБІЛОВ, журналист.
Мойынқұм ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




