Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында жарық көрген «Мың тағзым» атты естелік кітап – кәсіпкер Сәуле Рысбаеваның тырнақалды туындысы емес. Ол осыдан төрт жыл бұрын тәуелсіздіктің 20 жылдығына орай «Елбасымен жеті рет кездесу» атты жинақ шығарған болатын. Қос тілде жазылған кітапта Мемлекет басшысымен кездескен сәттерде алған әсерлерімен бөліссе, бұл жолы Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер ағаларын еске алыпты.
«Ұлы Отан соғысы... Айтуға ауыр, еске түсіргенде егілмей айта алмайтын осынау қиын-қыстау кезең біздің де әулетімізді айналып өтпепті. Мен ел басына күн туғанда қарша бораған от пен оқтан қорықпай, майданға аттанған Көрпеш, Көкіш, Әбдімәжит секілді көкелерімнің тәлімін көрдім. Майдангер ұстаздарым – бастауыш сыныпта Тастан ағайымнан, орта мектепте Өмірзақ ағайдан тәлім алдым. Тілі басқа болса да, тілегі бір, өзбек ұлтының өкілі, жауынгер Шүкір Исабайұлының қамқорлығын сезініп, орыс тілінде тілші ретінде алғаш аяқ-киім зауытының «За качество» газетінде тұңғыш қалам ұштатқан ардагер – редактор В.К.Усовтың еңбек мектептерінен өттім. Солардың айтқандарын ойға түйе жүріп, есейдім. Осы жандар маған өмір жолымда өнеге болды» дейді автор кітаптың кіріспесінде. Кәсіпкер бұл жинақта майдангер ағалары мен ұстаздарының өмір белестерін естеліктеріне арқау еткен. Ашаршылық кезінде бір ауылды аштықтан аман алып қалған көпті көрген қария, ауылдастары арасында «үндемес кемпір» атанған Құндыз апа туралы да қызықты әңгімелер бар. «Апамның тәлім-тәрбиесі менің бүкіл өміріме азық болды», – дейді автор. Сондай-ақ, Мойынқұм ауданы және Тараз қаласындағы Ұлы Отан соғысына арналған ескерткіштердің тізбесін, олардың авторлары мен архитектуралық үлгісі жайлы мәліметтерді таба аласыз.
Ардақ Үсейінова, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Медицина саласы серпінді дамуда
- 14 қаңтар, 2025
Метапневмовирус қаншалықты қауіпті, облыстағы жағдай қандай?
- 14 қаңтар, 2025
Ақпарат
Жамбыл облысында 49 инвестициялық жоба жүзеге асырылды
- 13 қаңтар, 2025
Білім беру ошағы пайдалануға берілді
- 31 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді