Қаратау қаласы «Жеңіс» алаңындағы ескерткіш-обелискі өткен жолғы бораннан зардап шеккен болатын. Аудан әкімдігі шұғыл шешім қабылдап, оның орнына жаңадан ескерткіш орнатуды жоспарлаған еді. Аз уақыт ішінде ол ой жүзеге асырылды.
Ұлы Жеңістің 70 жылдығы күні қала халқы биіктігі 2,5 метрлік тұғырға қойылған 3,6 метрлік Кеңес солдатының мүсіні сомдалған ескерткішке гүл шоқтарын қоятын болады. Сондай-ақ, ескерткіштің артындағы панно да жаңартылып, көздің жауын алып тұр. Ескерткіш кешенінің безендіру, әрлеу жұмыстарымен кәсіпкер Құлманбет Көшкінбай айналысқан. Аудан әкімінің орынбасары С.Дадабаевтың айтуына қарағанда, Көктал ауылында да жаңа ескерткіш-белгі бой көтеріп, елді мекендердегі Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің құрметіне соғылған мемориалды кешендер түгелдей дерлік жаңартылды.
Сәулембай Әбсадықұлы, «Ақ жол».
Қаратау қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




