Қымбатты жерлестер! Сіздерді 7 мамыр – Қазақстан Республикасының Отан қорғаушы күні мемлекеттік мерекесімен құттықтаймын. Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесі қарсаңында тойланып отырған осынау айтулы мерекенің қай кезде де орны бөлек. Өйткені, Қазақстан Республикасының Президенті, еліміздің Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев атап өткендей, кез-келген елдің егемендігі, ол экономикалық және саяси ғана емес, сонымен бірге, әскери әлеуетпен қамтамасыз етілгенде ғана нағыз егемендікке айналады. Бұл күн – Отанды қадірлейтін, оның тарихын құрметтейтін, айбынды армияның атағын асқақтатқан нағыз ерлердің мерекесі. Біз бүгін Армиямыздың айбынын асқақтататын сардарлар мен сарбаздарымызға қандай құрмет көрсетсек те жарасады. Себебі, ел халқына шат-шадыман күлкі мен тыныш өмір сыйлауда әскеріміздің атқарып жатқан қызметтері ұшан-теңіз. Жігіттерімізге амандық, денсаулық тілейміз. Еңселеріңіз биік, мерейлеріңіз үстем болсын. Кейінгі ұрпақ ағалары мен аталарының, апаларының ерлік, отансүйгіштік дәстүрін лайықты жалғастыруда. Ерлік пен батылдықтың өлшеусіз үлгісін көрсеткен Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысының отты жолдарынан өткен жауынгерлердің рухының алдында тағзым етіп, басымызды иеміз. Ардагерлеріміздің дені сау болып, еліміздің тыныштығы жолында сапта тұрған қырағы сарбаздарымыз бен сардарларымыздың қызметіне сәттілік тілейміз. Мереке құтты болсын!
Ізгі ниетпен: Бағлан Қарашолақов, облыстық мәслихаттың хатшысы.
Ұқсас жаңалықтар
Атқарылған іс – арқалаған сенімді ақтайды
- 21 қараша, 2024
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді