Тараз қаласындағы «Мәңгілік алау» мемориалы жаңғыртылуда. Былғары комбинаты ауданындағы бұл орынды қазір бұрынғымен салыстыруға келмейді. Оның Тараздың ажарын кіргізетін көрікті мекенге қалай айналғанына өзіміз куә болып қайттық.
– Тараздағы ең биік стелланың биіктігі – 16 метр. Кескіні шыңды білдіреді. Бұрын сынып, қирап жатқан еді, қайта жаңғырттық, – дейді мердігер «Темір Байлық» ЖШС-ның прорабы Жаңабай Махамбетов. Стеллаға 1941-1945 деп жазылған, ал маңын қоршай төрт барельеф орнатылыпты. Біріне облысымыздан шыққан Кеңес Одағының Батырлары мен «Даңқ» орденінің толық иегерлерінің тізімі ойылып жазылса, екеуіне соғыс жылдарынан көріністер бейнеленген. Бірінші қабырға барельефте «Отан үшін от кешкендерге мәңгілік тағзым» деген сөз айшықталып тұр. Бір айта кетерлігі, ескерткішке түгелдей қызыл гранит пайдаланылған. Мемориал аумағы кішігірім демалыс орнына айналыпты. 60 түп бельгиялық туя көшеттері егіліп, 1500 шаршы метр жер көгалдандырылып, 2700 шаршы метрге жиектас төселген. Тұрғындар үшін тізе бүгетін орындықтар мен қоқыс тастайтын жәшіктер де ұмыт қалдырылмаған. «Міне, мына жердегі қызыл жұлдызшаның ішінен тоғызыншы мамырдан бастап мәңгілік алау лаулап тұрады. Түнде ескерткіш маңына жазулары айқын көрінетіндей жарық түсіріледі. Қазір әрлеу жұмыстарымен айналысудамыз», – деді Жаңабай Махамбетов.
Шынар САҒИЕВА, «Ақ жол».
Тараз қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Атқарылған іс – арқалаған сенімді ақтайды
- 21 қараша, 2024
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді