Әріптесіміз, газетіміздің сайтына жетекшілік етіп жүрген Алмаз Орманов мемлекеттік бағдарлама арқылы баспаналы болды. «Тұрғын Үй Құрылыс Жинақ Банкі» ұсынған «Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасы бойынша жас отбасы ретінде шаңырағы шаттыққа толып жатқан Алмаздың қуанышына ортақпыз. – Жұбайым Арай екеуміздің отбасын құрғанымызға 4 жылдан асты. Бүгінде Жасмин есімді қызымыз бар. Жеке баспаналы болуға үміттеніп, өткен жылы қажетті құжаттарымызды банкке өткізіп, арнайы шот ашқан едік. Көп ұзамай-ақ, арманымыз шындыққа айналып, қуанышымыз қойнымызға сыймай отыр. Жалпы, жастардың алаңсыз жұмыс істеп, еркін өмір сүруі үшін жан-жақты жағдай жасап отырған Елбасымызға мың алғыс, – дейді Алмаз. Әріптесіміз секілді мемлекеттік бағдарламаның шапағатын көріп, қоныс той тойлап жатқан жас отбасылар өңірімізде жетерлік. Қоныс құтты болсын, жас шаңырақ иелері!
«Ақ жол – Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Мақсат – науқастарды қабылдау сапасын жақсарту
- 23 сәуір, 2026
Операция сәтті өтіп, науқастардың жағдайы жақсарған
- 23 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




