26 сәуір күні өткен Қазақстан Республикасы Президенті сайлауының нәтижесін «Қазфосфат» компаниясының мыңдаған адамнан құралған еңбек ұжымы өте жоғары ықыласпен қабылдады. Шын мәнінде, барша қазақстандықтар кезекті мәрте ел тізгінін Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа зор сеніммен табыс етті. Оған сайлаушылардың басым бөлігінің Елбасына берген даусы айқын дәлел бола алады. Еліміз қол жеткізген тұрақты экономикалық өсім, әлеуметтік игіліктер мен этносаралық келісім сынды еліміздің бүгінгі жетістіктерін тек Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстыра аламыз. Ұлықтау рәсімінде сөз сөйлеген Елбасы Н.Назарбаевтың баса назар аударған бес ауқымды міндеті – барша қазақстандықтар үшін ортақ жауапкершілік. Сондықтан оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін, еліміздің өркендей беруіне өзіндік үлес қосу әрқайсымыздың азаматтық парызымыз деп ойлаймын. Отандық фосфор индустриясының ошағы саналатын «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің барлық зауыттарының ұжымы өз іс-мақсаттарын осылай түсінеді. Елбасы «Біз қысқа мерзімде өте көп жұмыс атқардық. Бүгінде Қазақстан – Орталық Азиядағы экономикалық көшбасшы. Бірақ, тоқтауға болмайды. Реформалар ұлттық экономиканы білімге негізделген озық экономикаға айналдырады» деген сөздері әрбір азаматты еліміздің игілігі үшін аянбай еңбек етуге үндегендей әсер қалдырды. Ашығын айтатын болсақ, біз бұрын да Елбасы жағында болып келгенбіз. Бұл жолы да «қазфосфаттықтар» бар жүрек қалауларымен еліміздің әрмен қарай өркендеуі үшін, бар сенімдерін Нұрсұлтан Әбішұлына артып өз дауыстарын берді. Өткенге көз жүгіртсек, біз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында еліміздің қандай күйде болғанын жақсы білеміз, ал бүгін Қазақстан аяғынан тік тұрып, өркениет көшіне ілесіп келе жатыр. Әрине, осы күнгі бақуатты жағдайға жетуімізге ең алдымен Елбасының еңбегінің көп сіңгені сөзсіз. Тұңғыш Президентіміздің салиқалы саясатының арқасында еліміз алдынан кезіккен көптеген қиындықтарға төзе отырып, мығым мемлекетке айналды, экономикасы еңсе тіктеді, халықаралық қауымдастықта беделді орыннан көрінді. Біз өзіміздің осындай Президентіміздің барын ерекше мақтан етеміз. Өйткені, Нұрсұлтан Әбішұлының жүргізіп жатқан саясаты мен реформалары уақыттың кез-келген қыспағына төзе алуымызға дем береді. Оның үстіне, әлемдік экономикалық сын-қатерлерге төтеп бере алатын бес ауқымды міндет – бес институционалды реформаның өзі үлкен белестерді бағындыруға бағытталған. Әсіресе, Елбасының шағын және орта бизнестің қанатын кеңге жаюы үшін көптеген жобаларды жүзеге асырып келе жатқаны – біздің жас мемлекет үшін үлкен жетістік. Осы мақсат-мұрат аясында ішкі нарықты дамытудағы тұрақтылық пен аймақтардың тепе-тең дәрежеде дамуы қолға алынып келеді. Жоғарыда айтып өткен бес реформаны іске асыру үшін Ұлт жоспары жасалатын болды. Жоспар қашанда белгілі бір мақсат пен мүддені көздейтіні анық. Сондықтан алдағы міндеттерін ұлттық деңгейде жоспарлай білген Қазақстан әлемдік экономикалық дүрбелең туып тұрған шақта да жетістікке жете алады деп ойлаймын. Біз сондай-ақ Елбасымен бірге «Қазақстан – 2050» Стратегиясында көзделген ұзақ мерзімді ұлы мақсаттарға жете аламыз деп сенеміз.
Мұқаш ЕСКЕНДІРОВ, «Қазфосфат» ЖШС-ның бас директоры.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді