«Бір жағадан – бас, бір жеңнен қол шығарып», ауызбіршілігімізді танытар сын сәті туды: еліміздің орталық өңірін қаһарлы қыс бір қысса, енді топан су тығырыққа тіреп тастады. Табиғаттың тосын құбылысынан зардап шеккендерге еліміздің барлық аймақтарынан дерлік қайырымдылық көмек көрсетіліп, бұл шарадан үкіметтік құрылымдар мен бюджеттік сала қызметкерлері де қалыс қалмауда. Осымен байланысты жиын кеше ұжым мүшелерінің қатысуымен «Жамбыл облысы бойынша тексеру комиссиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде де болып өтті. Онда облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Мырзақасым Байбеков топан судан зардап шегіп отырған қарағандылық ағайындарға ұжым мүшелерінің бір күндік еңбекақылары мөлшерінде қайырымдылық көмек көрсетуді ұсынды. Ұсыныс ұжым мүшелері тарапынан бірауыздан қолдау тауып, жиналған көмектің жалпы көлемі 295 937 теңгені құрады.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Бол риза анашым, қолдағы осы бар...
- 28 сәуір, 2026
Жарылыс салған жара әлі жазылғанжоқ
- 28 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




