Еліміз өз тәуелсіздігін жаңа ғана алған жас мемлекет болса да, батыл бастамалар, ғаламат жетістіктерге де қол жеткізгені баршамызға белгілі. Ол әрине Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының сындарлы да, салиқалы саясатының мәуелі жемісі деп білемін. Елімізде жастарға және жастардың білім алу жолына жан-жақты жағдайлар жасалған. Қазіргі таңда жастар өзі қалаған оқу орындарына түсіп, өзіне ұнаған маман иесі болуға мүмкіндіктері бар. Оның дәлелі мен Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығының 2-курсында білім алудамын. Қазақстанға деген сүйіспеншілігімнің арқасында мемлекеттік тілді еркін меңгерген жастардың қатарында екендігімді мақтан тұтамын. Мен ұлан-ғайыр жері, тату-тәтті елі, қазыналы кені, айдын-шалқар көлі бар, бәрінен де бастысы, арқасүйер Ері бар қасиетті мекенде туғаныма мақтанамын. Тәуелсіздік жылдарында өмірге келген біз бүгінде ат жалын тартып мінер жасқа келдік. Күні кеше өткен Президент сайлауында мен алғаш рет дауыс беріп, өз таңдауымды жасадым. Ол – елі сүйген, елін сүйген Елбасы! Біздің рухымыз – азат, арманымыз – асқақ, мақсатымыз – айқын, мұратымыз – биік! Армандар орындалатын әрі достық пен татулық салтанат құрған осындай елде туған біз, шын мәнінде, бақытты ұрпақпыз!
Алла Савельева, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының студенті.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді