«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Сарапшылар пікірі

Сарапшылар пікірі
ашық дереккөз
Сарапшылар пікірі
Қазақстанда экономикалық-әлеуметтік дамудың, демократиялық ілгерілеудің айқын бағдары бар. Менің Ақтөбеге келмегеніме 15 жылдай болыпты. Енді, міне, Ресейдің Орынбор облысынан 19 байқаушы қатарында жолым түсті. Бізді өздеріміз бекітілген сайлау учаскелерінде жылы шыраймен қарсы алып, сайлау науқанының өту барысын байқауымызға жағдай жасалды, толық ақпарат алдық. Алдымен Металлургтер Мәдениет үйінде орналасқан №38 сайлау учаскесіне келгенімізде адамдардың қарасы көптігі тәнті етті. Сайлау учаскелері уақтылы ашылды. Сайлау жәшіктерін ретке келтіру, бюллетеньдерді тарату заңға сәйкес жүргізілді. Халық мерекеге келгендей ертелетіп жиналды. Бірінші дауыс берген сайлаушыға, ең жас және қарт сайлаушыға құрмет көрсету де ұмытылмады, сый-сияпат жасалды. Ең бастысы, сайлауды ұйымдастыруда кемшілікке жол берілмеді. Мұның өзі халықтың Президенттік сайлауға қаншалықты мән беретінін, елдің ертеңіне бейжай қарай алмайтынын көрсетеді. Жалпы облыста да, қалада да оң өзгерістер көп екен. Осының өзі елдегі тұрақтылық пен татулықтың арқасы екені анық. Олег ДИМОВ, ТМД миссиясының байқаушысы. Біздің міндетіміз – сайлаудың қаншалықты заңға сай өтіп жатқанын байқау. Менің бүгінгі көріп, білгенім бойынша айтарым – бұл ерекше сайлау екеніне көз жеткіздім. Расында, біз байқау жүргізген сайлау кәдімгі ұлттық мейрам секілді өте көңілді өтті. Бұл халықтың белсенділігі мен патриоттығын әрі ертеңгі күнге деген жауапкершілікті білдіреді. Бәрі заңды түрде жүргізілді. Бірақ бізге, яғни, еуропалықтарға бір таңғаларлығы – мұнда бір мезгілде екі, үш мың адам қатар дауыс беруге келеді екен. Ал Италиямен салыстырар болсақ, онда сайлауға орташа алғанда 600-700 адам ғана келеді. Сондықтан адамдар көптеп келіп жатқанда кезектің болуы заңды деп ойлаймыз. Міне, бұл – менің алғашқы алған әсерім. Сержио Дивина, Италия Парламенті Сенатының депутаты. Мен ЕҚЫҰ Парламентаралық Ассамблеяның төрағасы болғанмын. Баршаға белгілі, ЕҚЫҰ сайлауға мониторинг жүргізуде маңызды орган болып табылады. Бұл және тек Еуропаға ғана қатысты емес. Біз сонымен қатар, Тунисте алғашқы конституциялық сайлауды өткізгенбіз. Мұның бәрін айтып жатқаным, бізде сайлауға қатысты тәжірибе жеткілікті. Біз Қазақстанда өткен Президент сайлауы барысында бірқатар сайлау учаскелерінде болдық. Дауыс беріп жатқан адамдардың бәрі көңілді, олардың жүздерінен бір қуаныш сезіліп тұрды. Риккардо Мильори, ЕҚЫҰ ПА бұрынғы төрағасы, Азия және Жерорта теңізі елдерінің Парламентаралық ынтымақтастық мәселелері бойынша президенті. Мен Астана қаласында тоғыз сайлау учаскесін аралап шықтым. Адамдар сайлау учаскелеріне өте көптеп келіп жатыр. Кейбір сайлау учаскелерінде концерттер ұйымдастырылған екен. Сондықтан сайлаушылардың бәрі де өте көңілді жүр. Біз сайлау учаскелері ашылысымен барғанның өзінде онда адам қарасы мол еді, ал күндіз адам тіптен көбейіп кетті. Бұл халықтың ертеңгі күнге деген сенімдері мен жауапкершілік көрінісі болса керек. Сонымен қатар, халық осы іс-әрекеттері арқылы қазіргі таңдағы билікке деген құрметін білдіріп жатыр ғой деп ойлаймын. Қазақстанда халық үшін жасалған игі істердің әсері бүгінгі күні адамдардың сайлауға жаппай қатысуынан-ақ байқалады. Мен сайлау барысында бір кемшілік байқалды деп айта алмаймын. Өйткені, ондай кемшіліктер жоқ. Себебі, сайлау өте жоғары жауапкершілікпен ұйымдастырылған. Шамиль Тарпищев, Ресей Федерациясы Теннис федерациясының президенті.

Ұқсас жаңалықтар