Құттықтаулар
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Елбасы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесті. Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевты 26 сәуірде өткен сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Қытай көшбасшысы Қазақстан Президентінің тәуелсіздікті нығайтуға және Қазақстанның орнықты дамуына қосқан үлесін жоғары бағалады. Мемлекеттер басшылары әңгіме барысында екіжақты ынтымақтастықтың әлеуеті жоғары екенін айтып, «Нұрлы жол» және «Жібек жолының экономикалық белдеуі» бағдарламаларының өзара толықтырушы сипатын атап өтті.
Сонымен қатар, тараптар өңірлік және халықаралық өзекті мәселелерге қатысты екі елдің ұстанымдары ұқсас екеніне назар аударды. Соңында Си Цзиньпин Қазақстан Президентін биыл Қытайға сапарлап келуге шақырды. Телефон арқылы сөйлесуге Қытай жағы бастамашы болды. Түркия Республикасының Президенті Реджеп Ердоған Мемлекет басшысы атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Түркия Республикасының Президенті Реджеп Ердоғаннан құттықтау жеделхаты келіп түсті.
Реджеп Ердоған түрік халқының және жеке өзінің атынан Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.
– Қазақстан Сіздің басшылығыңызбен халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған бастамаларын табысты жалғастыратынына сенімдімін. Біздің елдеріміздің арасындағы тілдік, мәдени және тарихи байланыстардың ортақтығына негізделген стратегиялық серіктестік бұдан әрі де халықтарымыздың игілігі үшін, сондай-ақ өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылық үшін дами беретініне тағы да сенім білдіремін, – деп атап өтілген жеделхатта.
Сонымен қатар, Реджеп Ердоған таяуда Қазақстанға жасаған сапары кезіндегі жылы қабылдау мен қонақжайлық үшін Мемлекет басшысына ризашылығын білдірді. Соңында Түркия Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, бақыт, табыс, ал Қазақстан халқына бақ-береке тіледі. Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обама Мемлекет басшысы атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Америка Құрама Штаттарының Президенті Барак Обамадан құттықтау жеделхаты келіп түсті. Барак Обама Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.
«Құрама Штаттар мен Қазақстанның арасында жаһандық және өңірлік мәселелерді табысты шешу жөніндегі тығыз ықпалдастықтың жарқын тарихы бар. Халықтарымыздың игілігі үшін екі жақты қарым-қатынастарымыз бен стратегиялық серіктестігіміздің одан әрі тереңдей беретініне сенемін», – делінген жеделхатта.
Ақ үй басшысы АҚШ Қазақстанмен серіктесе отырып, Ауғанстандағы қауіпсіздікті қолдауды және ядролық қару таратпау ісіндегі ортақ мақсаттарды ілгерілетуді қамтамасыз етіп отырғанын айтты.
«Көптеген қауіп-қатерлері бар әлемде ұзақ мерзімді тұрақтылық пен қауіпсіздікке өкілді және есеп беруші институттарды, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытпай қол жеткізу мүмкін емес. Мен елдеріміздің игілігі үшін осы барлық маңызды мәселе бойынша Сізбен ынтымақтастыққа әзірмін», – делінген құттықтауда.
Соңында Барак Обама Америка халқының және жеке өзінің атынан Қазақстан халқына жылы лебізін жеткізіп, татулық пен бақ-береке тіледі. Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведев Мемлекет басшысы атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевтен құттықтау жеделхаты келіп түсті.
Дмитрий Медведев Нұрсұлтан Назарбаевты Президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.
– Сайлаудағы айқын жеңіс Сіз жүргізіп отырған стратегиялық бағыт Қазақстан халқының кең қолдауына негізделгенін көрсетті. Сіздің басшылығыңызбен республика әлеуметтік-экономикалық даму және азаматтардың әл-ауқатын арттыру бағытында алға ілгерілеуін жалғастыратынына сенімдімін, – делінген жеделхатта.
Ресей Премьер-Министрі қазақстандық серіктестерімен кооперациялық байланыстарды дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара ықпалдастықты жандандыруға әзір екенін білдірді.
– Біз Сіздің Ресей мен Қазақстанды біріктіретін достықты, тату көршілік пен серіктестікті нығайтуға, түрлі салалардағы ауқымды экономикалық жобаларды жүзеге асыруға қосқан зор үлесіңізді бағалаймыз, – деп атап өтілген жеделхатта.
Соңында Дмитрий Медведев Қазақстан Президентіне мықты денсаулық, амандық және мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Украина Президенті Петр Порошенко Мемлекет басшысының атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Украина Президенті Петр Порошенкодан құттықтау жеделхаты келіп түсті.
Петр Порошенко Нұрсұлтан Назарбаевты Президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады.
«Сіз алған халық сенімінің жаңа мандаты Қазақстанның заманауи мемлекеттілігінің табысты дамуына қосқан үлесіңіздің мойындалғанын айғақтайды», – делінген жеделхатта.
Украина Президенті еліне оның тарихының күрделі кезеңінде қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Президентіне ризашылық білдірген.
«Бірлескен күш-жігеріміз арқылы біз екі жақты қарым-қатынасты жандандырып, елдеріміз арасындағы көп қырлы ынтымақтастық аясын кеңейтеміз деген сенімдемін», – делінген құттықтауда.
Соңында П.Порошенко Қазақстан Президентіне мықты денсаулық, бақуаттылық және жауапты мемлекеттік қызметіне жаңа табыс, ал достас Қазақстан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі. Грузия Президенті Георгий Маргвелашвили Мемлекет басшысының атына оның Қазақстан Республикасы Президенті болып сайлануына байланысты Грузия Президенті Георгий Маргвелашвилиден құттықтау жеделхаты келіп түсті.
Георгий Маргвелашвили Нұрсұлтан Назарбаевты Президенттік сайлаудағы жеңісімен шын жүректен құттықтайтынын жеткізген.
«Қазақстан халқының бірлігін байқатқан сайлауға қатысудың өте жоғары көрсеткіші халық игілігі жолындағы көпжылдық қажырлы еңбегіңізді ғана емес, елді бұдан әрі де жан-жақты дамыту үшін Сіз қойған мақсаттарды да қалтқысыз қолдаудың көрінісі болып саналады. Қазақстан халқы Сіздің дана саясаткер және мемлекет қайраткері ретіндегі бай тәжірибеңізді ескере отырып, татулық, тұрақтылық үшін, азаматтардың және бүкіл республиканың бұдан арғы бақуаттылығы үшін таңдау жасағаны сөзсіз», – делінген жеделхатта.
Грузия Президенті Қазақстан-Грузия қарым-қатынасын нығайтуға байланысты мәселелер алдағы уақытта да Нұрсұлтан Назарбаевтың назарында боларына үміттенетінін жеткізген.
Соңында Г.Маргвелашвили Қазақстан Президентіне Қазақстан халқының игілігі жолындағы барлық бастамаларына табыс тіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді