Күшаман – бірлігі мен берекесі ұйыған шағын ғана қазақы ауыл. Мұнда тұрғындар үшін әлеуметтік жағдайдың бәрі де жасалынған. Үй сайын ауыз су құбыры жүргізіліп, телефон байланысы, «Отаu-ТВ» телеарнасының кабельдік желісі орнатылған. Ауыл орталығында мешіт үйі, жаңа үлгідегі медициналық пункт бар. Жаз айларында тұрғындардың аула бақшалықтарын ылғалдандыру үшін ағын су үзіліссіз, тұрақты берілумен келеді. Аудан, ауыл басшылары былтыр мектеп үйін күрделі жөндеуден өткізіп, заманауи үлгідегі жаңа жылу қазандығын орнатып берді. Енді білім ұясында ұл-қыздарымыздың алаңсыз білім алуына мүмкіндіктері бар. Мектеп жанынан «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жиырма бес орындық шағын орталықтың ашылуы да тұрғындарды қуанышқа кенелтіп тастады. Ауылымыздағы «Қырбас» кесенесі күрделі жөндеуден өткізіліп, көрсе көз сүйсінерліктей қалыпқа келтірілді. Көшелеріміз де жарықтандырылып, жөнделуде. Міне, осы жетістіктердің барлығы да әуелі Алланың, сосын аудан, ауыл басшыларының, кәсіпкер азаматтарымыздың ауылға деген қамқорлығының нәтижесі екені анық. Оларға айтар алғысымыз да шексіз. «Гүлденсе ауыл, гүлденеміз бәріміз» деген қағидатты ұстанған осындай ер-азаматтарымыз әмісе аман болғай деген тілектеміз.
Айша САДЫРҚҰЛОВА.
Күшаман ауылы, Мойынқұм ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Атқарылған іс – арқалаған сенімді ақтайды
- 21 қараша, 2024
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді