«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Коммуналдық базардағылар да кердеңдей бастады

Коммуналдық базардағылар да кердеңдей бастады
ашық дереккөз
Коммуналдық базардағылар да кердеңдей бастады

Облыс әкімінің халықты әлеуметтік қолдау мақсатында ұйымдастырылған бірқатар коммуналдық базары соңғы кезде алыпсатарға айналып барады. Олай дейтінім, алғаш ашылған кезде халық тұтынатын тауарлар бекітіліп, көрсетілген бағамен сатылып, тұрмысы төмен азаматтар және зейнеткерлерге кәдімгідей көмек болып еді. Ал енді уақыт өте келе шекті баға деген болмайтын болды. Мен таяуда, 6 сәуір күні, Жамбыл даңғылында орналасқан ет сататын коммуналдық дүкенге барып көрдім. Еттің бағасы Орталық базардағыдан да жоғары. «Бұл – коммуналдық базар. Неге шекті бағамен сатпайсыңдар? Әкімдіктің бекіткен бағасынан асырмауларың керек!» – десем: «Әкімдіктің берген еті емес, қалай сатсақ та өзіміз білеміз!» – деді бәрі шу етіп. Мен үйге оралған соң әкімдіктен бастап, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы басқармаларына телефон арқылы хабарластым. Ең соңында базар басшылығының телефонына қоңырау шалдым. Телефон тұтқасындағылар маған: «Ол баға таза етке қойылмаған, ол бағаға сүйек-саяқ сатылады», – деп жауап берді. Ендеше, әкімдік бекіткен бағаны «сүйек-саяққа арналған» деп анықтап көрсетсін. Неге оны «ет бағасы» деп белгілейді? Мұндай жағдай коммуналдық дүкендердің барлығында бар. Басшыларды да, бұқараны да алдап отырғандардың бұл ісіне ашуым келіп, базынамды айтып, редакцияға хат жолдап отырмын.

Рахымжан БӨЛЕКБАЕВ, зейнеткер.

Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар