Сарапшылар пікірі
Драгомир КАРИЧ, Сербия Республикасы халықтық сайлау депутаты: – Қазақстан Президенті сайлауы басқа Еуропа елдерімен, соның ішінде Сербиямен салыстырғанда әлдеқайда жақсы, жоғары деңгейде өтті.
Қазақстанға келетін инвесторлар бірінші кезекте елдің тұрақтылығы туралы ойлайды. Қазақстан тұрақтылығы – бұл Орталық Азиядағы тұрақтылық. Сіздердің мемлекеттеріңіздің басты байлығы – адамдар, білім, болашақ ұрпақ, халық тәрбиесі мен мәдениеті. Бұл мемлекетті нығайтады, ал мықты елге деген бүкіл әлемдік қауымдастықтың қызығушылығы мол. Карл ОЛЛИНГЕР, Австрияның халықаралық бақылаушысы, «Жасылдар» партиясының мүшесі: – Осыған дейін қаншама сайлауда болдым, алайда дауыс беру үшін ұзын-сонар кезекте тұрған халықты алғаш рет көруім. Мен мұның алдында да Қазақстанда сайлау процесін бақылау мүмкіндігіне ие болғанмын, айтарым, осы уақыт аралығында қазақстандықтар биік белестерге жетті.
Дауыс беруге келген сайлаушылардың көптігі мені таңғалдырды әрине. Сіздерді сайлауда қол жеткізген жетістіктеріңізбен құттықтағым келеді. Туйгунаалы АБДРАИМОВ, Қырғызстанның Орталық сайлау комиссиясының төрағасы: – Қазақстан Президенті сайлауы елдің сайлау заңнамасына сәйкес өтті. Сайлау өте белсенді әрі ұйымдасқан түрде өткен. Қырғызстан ОСК-ның 32 бақылаушысы халықаралық байқаушы ретінде сайлау барысын қадағалады.
Ұқсас жаңалықтар
Енді шақыртуға барған әр дәрігерде видео, аудио тіркегіш болады
- 2 желтоқсан, 2025
«Ауыл аманаты» жобасының арқасында мал басы көбейді
- 2 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




