Бұл науқанда Елбасымыздың қатарынан оза шабатынына күмәніміз болған жоқ. Өйткені, ол кісі – еліміздің нағыз Көшбасшысы. Елін сүйген, елі сүйген Нұрсұлтан Назарбаевтың қайта сайлануы заңдылық. Әлем таныған, дүниежүзін мойындатқан феномен тұлғамыз халқымыздың әл-ауқатын арттыру жолында жылдар бойы талмай еңбек етті. Ішкі және сыртқы саясатымыздың тұрақтылығын қамтамасыз етті. Бірліктің, берекелі тірліктің кепілі болды. Елімізді әлемдегі дамыған, әл-ауқаты артқан 30 елдің қатарына енгіземін деп аянбай тер төгіп жүрген Президентіміздің біз қашан да тілекшісіміз. Бұл Жеңіс біздің бір тудың астына жинала алатын халық екенімізді тағы бір мәрте айғақтады. Қазақстан – татулық пен бейбітшілікті ту еткен халықтардың мекені. Алда ұлы тұлғамыз Нұрсұлтан Назарбаевты толағай табыстарға бастайтын, еліміздің рухын асқақтататын ұлы істер тосып тұрғаны ақиқат. Қазақ – «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» дегенді жиі айтатын жамағат. Елбасымыздың жарқын жеңісі мені, шын мәнінде, шаттандырды. Иә, дауылпаз дәуір алдыға жылжыған сайын сол уақыт шіркін бізден жақсылықты, жаңалықты, жаңашылдықты талап етеді. Президентіміз сол жолда шаршамай, шалдықпай, соңынан ерген халқын бастай берсін. Тәуелсіз еліміздің аспаны ашық, керегесі кең, алпауыт мемлекеттермен терезесі тең болсын! Біз қашанда еліміздің тірегіне айналған, халқының шексіз сүйіспеншілігіне ие болған Елбасымызды қолдай береміз. Өйткені, ол кісі көп векторлы саясатты сәтімен жүргізіп отыр!
Әбдімомын Желдібаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері.
Шу ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Атқарылған іс – арқалаған сенімді ақтайды
- 21 қараша, 2024
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
- 21 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді