Президент сайлауында Т.Рысқұлов ауданында екі ерекше оқиға тіркелді. Біріншісі – Құмарық ауылдық огругіне қарасты Алғабас ауылының тұрғыны, жүз тоғыз жастағы Жақсыгүл Сегізбаева әжейдің жасының егделігіне қарамастан таң сәріден сайлау учаскесінен табылуы болса, екіншісі – Қызылшаруа ауылының тұрғыны, «Алтын алқа» иегері Ұлдаркүл Түкбасова әжейдің отбасынан 13 адамның дауыс беруі дер едік. Өз кезегінде 1906 жылы туылған, ғасырдан аса ғұмыр кешіп келе жатқан Жақсыгүл әжей мен он ұл-қыз тәрбиелеп өсірген Ұлдаркүл әжей мұндай маңызды науқандардан ешқашан шет қалып көрмегендерін айтады. Қос әжей де отбасыларымен дауыстарын Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа бергендерін жеткізді. Жалпы, Президент сайлауында Т.Рысқұлов ауданы бойынша 38 802 сайлаушы тіркелсе, оның 37 892-сі немесе 97,65 пайызы сайлауға қатысты. Бұл ретте дауыс берушілердің 37 264-і немесе 98,35 пайызы Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс берген. Ал Тұрғын Сыздықов пен Әбілғазы Құсайынов тиісінше 464 (1,22) және 164 (0,43) дауыстан жинады.
Т.Рысқұлов ауданы.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




