Үлкен сенім арттық

Үлкен сенім арттық
ашық дереккөз
Үлкен сенім арттық

Біз тоқсанға таяп қалған қарттар осы күнге дейін талай сайлауды көрдік. Талай саяси науқанда елдің ертеңі үшін, баянды болашақ үшін өзіміздің азаматтық парызымызды білдіріп, даусымызды бердік. Бүгінге дейін неше сайлау көргенім есімде жоқ. Бірақ мен де осы елдің ұлтжанды азаматы ретінде көптен қалмай, лайықты таңдауымды жасап келемін. 26 сәуір күні өткен ел Президентін сайлау науқаны да өте дер кезінде қабылданған шара деп білемін. Себебі, мына қиындап келе жатқан экономикалық қарым-қатынастар ширақтықты, жаңа лепті қажет етіп отыр. Сондықтан, Президент Нұрсұлтан Назарбаевты барша қазақстандықтардың мерзімінен бұрын өткен сайлауда үлкен басымдықпен дауыс бере отырып қайта таққа лайықты деп таңдауы – сөзсіз заңды қадам. Ендігі кезекте Елбасымыз жуырда ғана өзі ұсынған үлкен реформалары арқылы экономикамызды сыртқы дағдарыстан қорғайды деп сенемін. Өйткені Нұрсұлтан Әбішұлының өзінің бұл жолғы бастамаларына да кезекті бір жаңа қарқынмен, үлкен жауапкершілікпен кірісетініне күмәнім жоқ. Кешегі өткен Президент сайлауында мен өз даусымды Нұрсұлтан Назарбаевқа бердім. Өйткені Елбасының тәуелсіздік алған қиын-қыстау кезден бергі осы күнге дейінгі елге еткен қызметі көз алдымызда. Ел болашағы үшін талай мәрте тәуекелдерге де барып, ауылдағы елдің еңсесі көтерілуі үшін алтын бесіктен бар жақсыны аямады. Кезінде қала мен аудан орталықтарында ғана жұмысы жүріп келген кәсіпкерлік пен бизнестің түр-түрі бүгінде ауылда да қанатын кеңге жайып келеді. Міне, ауыл халқының өз қолы өз аузына жетті деген – осы. Құдайдың көзі түзу екен. Бізге осындай көреген басшы бере отырып, елімізді аяғынан тік тұрғызды. Кеңес өкіметінен бөлініп шыққанда қандай жағдайда едік, қазір қандаймыз? Кейбір көршілеріміз бізден үлгі алып келеді десек, артық айтқандық емес. Сол себепті мен бұл жолы да даусымды елдің ендігі дамуы мен жұртымыздың жұдырық болып Елбасы идеяларының төңірегіне топтасуы үшін бердім.

Қамза ДЕМЕУОВ, Ұлы Отан соғысының ардагері.

Қаракемер ауылы, Қордай ауданы.

Ұқсас жаңалықтар